ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті биологиялық қауіпсіздік басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік), № УББ-1
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Астана қаласы
422 437
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
А функционалдық блогы.
Басқарма басшысы өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Басқарманың қызметіне басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің тиісінше орындалуы үшін дербес жауапты болады;
2) басқарма қызметкерлерінің өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайды;
3) басқарманың шығыс құжаттамасына бұрыштама қояды және орындауға алынған хаттар мен тапсырмаларды сарапшылар арасында бөледі;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы ұсыныстарды, сондай-ақ көтермелеу шараларын және оларға тәртіптік жаза қолдану шараларын дайындайды және Комитет басшылығына ұсынады;
5) Комитет Төрағасы мен төраға орынбасарының тапсырмаларын белгіленген мерзімде сапалы және уақтылы орындауды ұйымдастырады;
6) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру саласындағы стратегиялық жоспарлардың, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобалардың іске асырылуын жүзеге асырады;
8) Қазақстан Республикасы ратификациялаған ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдердің нормалары мен шарттарының орындалуын қамтамасыз етеді;
9) басшылықтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Халықаралық Эпизоотиялық бюрода және басқа да халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді және олармен ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және бақылау және объектілердің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
10) басқарма қызметкерлерінің жұмысын, оларға бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес бақылауды жүзеге асырады;
11) алдын алу, диагностика, жою бойынша ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастырады және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
12) жануарлар аурулары бойынша эпизоотиялық мониторинг жүргізеді және эпизоотиялық жағдайды зерделейді;
13) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің ветеринариялық-санитариялық жағдайынның қауіпсіздігін үшін бақылауды ұйымдастырады;
14) жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуының себептері мен жағдайларын анықтайды және белгілейді;
15) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген, эпизоотия ошақтарын жою және жануарлардың аса қауіпті ауруларының таралу қаупінің алдын алу үшін пайдаланылатын ветеринариялық препараттардың республикалық қорының пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
16) бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоса алғанда, олардың сақталуына, тасымалдануына (жеткізілуіне) және пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
17) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік нұсқауларды келіседі;
18) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруды үйлестіреді және бақылайды;
19) Қазақстан Республикасында ауруларға қарсы күрес стратегияларының жобаларын әзірлеуді және қарауды жүзеге асырады;
20) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген жағдайларда істерді қарау, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, нұсқамалар беру және әкімшілік жазалар қолдану жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
21) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
22) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген нысандар бойынша және тәртіппен ветеринариялық есепке алу мен есептіліктің жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады;
23) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ветеринария саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді; ;
24) ішкі еңбек тәртіптемесі қағидаларын сақтайды;
25) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады.
26) «Мал шаруашылығының дамуына және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, сату үшін жағдайлар жасау» 249 бюджеттік бағдарламасы бойынша «Жануарлар ауруларының диагностикасы» 100 «Мониторинг, референттік, ветеринариядағы зертханалық диагностикалау» және 102 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету» қосалқы бағдарламасы бақылауды жүзеге асырады.
27) «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде), «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) және «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РМК қызметін үйлестіреді.
28) Жануарлардың аса қауіпті аурулардың диагностикасы бойынша ветеринариялық іс- шаралар жоспарын бекіту үшін әзірлейді.
29) «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК және Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК-дан келген айсайынғы қызмет көрсету актісін тексеруді жүзеге асырады.
30) 142 «Дәрілік заттар мен өзге де медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу» ерекшелігі бойынша 101 «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар, жануарлардың жіті және созылмалы инфекциялық ауруларының ошақтарын жою» кіші бағдарламасы бойынша 249 «Мал шаруашылығын дамыту және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, өткізу үшін жағдайлар жасау» бюджеттік бағдарламасының шығыстарын әзірлейді және келіседі;
31) заңнамада белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттарды республикалық меншіктен ЖАО коммуналдық меншігіне беру рәсімдерін жүзеге асыруды ұйымдастырады;
32) мемлекеттік тапсырыс шеңберінде сатып алынатын ветеринариялық препараттардың уақтылы жеткізілуіне бақылауды жүзеге асырады;
33) ветеринариялық препараттарды жеткізу актілерінің ресімделуін бақылауды жүзеге асырады;
34) Басқарманың құзыреті шегінде азаматтардан және барлық ұйымдық-құқықтық нысандағы ұйымдардан келіп түскен өтініштерді, өтініштерді, шағымдарды қарайды, Комитет басшылығына олар бойынша шешімдер қабылдау жөнінде ұсыныстар дайындайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде өтініш берушілерге жауаптар жібереді;
35) құжаттардың, оның ішінде Басқарма құзыретіне кіретін бақылау хаттарының сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
36) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
37) Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
38) электрондық ақпараттық ресурстарды толықтыруды жүзеге асырады, олардың анықтығы мен өзектілігін қамтамасыз етеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 21.08.2024
- Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
8(7172)555945