Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы Бейнеу аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы – өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы, (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 08.11.2026 ж. дейін, негізгі қызметкер белгіленген мерзімнен бұрын шығуға құқылы), С-R-4 санаты, 1 бірлік, № 18-13-03-2

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Маңғыстау облысы

Санат

С-R-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

226837

Жалпы біліктілік талаптары

C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Биотехнология
  • Аграрлық техника және технология
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Жаратылыстану ғылымдары: биология
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий
  • Білім: биология
  • Фитосанитарлық қауіпсіздік

Қосымша талаптар

Орта білімнен кейінгі білім ауыл шаруашылығы, орман, балық шаруашылығы және ветеринария саласында: агрономия.                                                                          Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.

Функционалды міндеттер

(Блок А-4) Реттелетін салада мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру бойынша қалалық (аудандық) аумақтық инспекцияның жұмысын ұйымдастырады және басқарады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен ұйымдастырудың, қабылдаудың, тіркеудің және есепке алудың жай-күй үшін субъектілердің басшылары мен лауазымды тұлғалар дербес жеке жауап береді. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары айына кемінде бір рет тиісті мемлекеттік органның басшысы берілетін қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізуге міндетті. Инспекцияда мемлекеттік әкімшілік қызметшінің ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтайды. Облыстық, қалалық, аудандық аумақтық инспекциялардың фитосанитарлық бақылау бекеттерінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларының жұмыстарына әдістемелік басшылық беріп оны қадағалайды. Жоғары  мемлекеттік  органдардан  және  инспекция  басшысынан  келген  тапсырмаларды  өсімдіктер  карантині  жөніндегі  мемлекеттік  инспекторларға  орындау  үшін тапсырма  береді және  оны  қадағалайды. Өсімдіктер  карантині  жөніндегі  мемлекеттік  инспекторларға  өсімдіктер  карантиніне  жатқызылған  өнімдердің тасымалы  және  мемлекеттік  қызмет  көрсету  жөніндегі   ақпараттар  мен  есептерді   орындауға  тапсырма  береді   және   оны   қадағалайды. Карантинге жатқызылған өнімді өндірумен, дайындаумен, қайта өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен, және сатумен байланысты мемлекеттік органдардың ұйымдардың, жеке және заңды тұлғалардың лауазымды тұлғаларының карантиндік Ережелерді орындауына бақылау жүргізеді. Өсімдіктер карантині саласындағы заңдарды бұзған жеке және заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартады. Өсімдіктер карантині жөніндегі шаралардың орындалуын ұйымдастырады және жоспарлайды. Облыстық, қалалық аудандық аумақтық инспекциялардың фитосанитарлық бақылау бекеттерінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларына халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы фитосанитариялық, карантиндік сертификат алу үшін келіп түсетін өтінімдерді  стандарт бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті орындайды және басшылық етіп оны қадағалайды. Карантиндік бақылау мен тексеру, зертханалық сараптама жүргізуді ұйымдастырады және шығу аумағы мен орнының фитосанитарлық сипаттамасын, сондай-ақ арналып белгіленген пунктын ескере отырып карантинге жатқызылған өнімге белгіленген үлгідегі фитосанитариялық, карантиндік сертификат береді. Карантиндік объектілердің таралу есебін жүргізеді және мүдделі адамдарға ақпарат береді. Облыста карантиндік объектілердің барын және таралу базасының деректерін құрылуын, оларға қарсы күрес шаралары мен іс-шараларын ұйымдастырады. Мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың орындалуына нұсқама шығарады және оның орындалуын бақылайды. Өсімдіктер карантині жөніндегі аумақтық органдардың мүддесін атқарушы, өкілетті және басқа да мемлекеттік органдарда қорғайды. Тиісті аймақтарда жеке және заңды тұлғалардың карантиндік ахуалды және карантиндік іс-шаралардың жүргізілуін бақылайды. Карантиндік объектілерді анықтау, оқшаулау және жою іс-шараларын өткізуге бақылау жүргізеді. Карантинге жатқызылған өнім мен көлік құралдарын залалсыздандырудың ұйымдастырылуына және оның орындалуына сапасына бақылау жүргізеді. Аумақтық инспекциялардың басшыларына облыстық, аудандық инспекцияларының карантин жөніндегі фитосанитариялық бақылау бекеттерінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолдануға және қызметінен босатуға ұсынысын береді. Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен облыстық, аудандық инспекцияларының, фитосанитарлық бақылау бекеттерінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларын қызметіне сай аттестациялауды ұйымдастырады. Карантин режимін енгізумен карантин аймағын белгілеу немесе оның күшін жою туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімдерінің жобалары бойынша ұсыныстар енгізеді. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.  2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының №375-V «Кәсіпкерлік Кодексіне» сүйеніп инспекторлық тексерістерді жүргізеді, заңдарды бұзған кезде жеке және заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тікелей ұсынад, мемлекеттік  органның өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті стандарттары мен регламенттерін сақтау,  әкімшілік рәсімдерді сақтау. Ақпараттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуді және ақпараттық  қауіпсіздік жөніндегі  техникалық құжаттама  талаптарын орындау  жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады.                       

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 02.08.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.08.2024 – 13.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МВ

Сұхбаттасу орны

Ақтау қаласы, 23 ықшам ауданы, 16/1 ғимарат

Анықтама алу үшін байланыс

87172-555-885, 8708-104-92-72