Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы Фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, № 18-13.2-3
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Маңғыстау облысы
263131
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Биотехнология
- Аграрлық техника және технология
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
- Білім: биология
- Фитосанитарлық қауіпсіздік
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
(Блок А-5) Өсімдіктер карантині жөніндегі карантиндік ахуалды және іс-шараларды жүргізуді бақылайды. Облыстық, қалалық аудандық аумақтық инспекциялардың фитосанитариялық бақылау бекеттерінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары фитосанитариялық, карантиндік сертификат алу үшін келіп түсетін өтінімдерді стандарт бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті орындап, өсімдіктер карантині порталдарына тіркеп, оны қадағалайды. Карантиндік бақылау мен тексеру, зертханалық сараптама жүргізуді ұйымдастырады және шығу аумағы мен орнының фитосанитарлық сипаттамасын, сондай-ақ арналып белгіленген пунктын ескере отырып карантинге жатқызылған өнімге белгіленген үлгідегі фитосанитариялық, карантиндік сертификат береді. Фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік фитосанитариялық бақылау және қадағалауды үнемі жүргізеді. Карантинге жатқызылған өнімді, сондай-ақ көлік құралдарын залалсыздандырудың ұйымдастырылуына және оны өткізудің сапасына бақылау жүргізеді. Карантинге жатқызылған өнімге карантиндік тексеруді, үлгілерін іріктеп алуды, зертханалық сараптамадан өткізуді бақылайды. Шет елден әкелінетін импортталатын және экспортталатын карантинге жатқызылған өнімге карантиндік бақылауды, тексеру және зертханалық сараптауды, сондай-ақ Қазақстан аумағында тасымалданатын карантинге жатқызылатын өнімге тексеруді жүргізеді. Мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың орындалуына нұсқама шығарады және оның орындалуын бақылайды. Еуразиялық Экономикалық Одағының сыртқы шекарасында орналасқан фитосанитариялық бақылау бекеттерінде Еуразиялық Экономикалық Комиссия Кеңесінің 30.11.2016ж. №157 шешіміне сәйкес, бірыңғай фитосанитариялық талаптарының орындалуына бақылау жасау. Атқарылған жұмыстар және карантинге жатқызылған өнімдердің тасымалы жөнінде фитосанитариялық бақылау бекеттерінде және фитосанитариялық бақылау бекеттері мемлекеттік инспекция бөлімінде есептерді жинақтап дайындайды. Өсімдіктерден алынатын өнімдерді өсіретін, дайындайтын, жинайтын, өңдейтін және өткізетін ұйымддардың, ішкі сауда объектілерінің шаруа немесе фермер, үй-жайларын, ауыл шаруашылығына, орманға, суға және басқа да мақсатқа арналған жерлерге тұрақты талғамалы бақылау тексерулерін жүргізеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тікелей ұсынады, мемлекеттік органның өсімдіктер карантині бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті стандарттары мен регламенттерін сақтау, әкімшілік рәсімдерді сақтау. Фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы уақытша болмаған кезде фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысының міндетін осы бөлімнің бас маманы атқарады. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады. Бөлім басшысымен белгіленген басқа міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
orazkhankyzy.asel@minagri.gov.kz
- Ақтау қаласы, 23 ықшам ауданы, 16/1 ғимарат
-
87172-555-885, 8708-104-92-72