Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Өсімдіктерді қорғау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, № 18-1-4
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Астана қаласы
305232
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
(Блок А-6) "Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу", "Өсімдіктерді қорғау құралдарының импортына лицензиялар беру", "ЕЭК алқасының шешімдеріне сәйкес тіркеу сынақтарын және /немесе ғылыми зерттеулер жүргізу үшін үлгілерді, тіркелмеген өсімдіктерді қорғау құралдарын әкелуге қорытындылар беру" мемлекеттік қызметін жүзеге асыру; пестицидтердің импортын келісу, ҚР аумағына әкелінетін пестицидтердің электрондық тізілімін жүргізу; пестицидтерді тіркеу және өндірістік сынақтарды жүргізуге заңды және жеке тұлғалардың өтінімдерін қабылдау және қарау; пестицидтерді тіркеу және өндірістік сынақтарды жүргізу жоспарларын жасау және бекіту, пестицидтерді қолдану регламенттерін токсикологиялық бағалау бойынша зерттеулер жүргізу; тіркеу және өндірістік сынақтарды жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; "ҚР аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтердің тізімін" және оған жыл сайынғы толықтыруларды дайындау; пестицидтерді мемлекеттік тіркеу және лицензиялау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, Мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру және автоматтандыру; пестицидтерді мемлекеттік тіркеу және лицензиялау мәселелері бойынша материалдар дайындау; басқарма басшылығының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік фитосанитариялық бақылау; пестицидтер айналымы мәселелері бойынша фитосанитариялық есептілікті ұсынуды ұйымдастыруға қатысу. Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызмет мәселелері бойынша ақпарат дайындау. Басқарманың құзыретті шегінде азаматтардың өтініштерін қарау және жауаптарды дайындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
orazkhankyzy.asel@minagri.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, 3 кіреберіс
-
87172-555-885, 8708-104-92-72;