Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы, санаты C-O-5 (2 бірлік) ОРХ-5, ОРХ -6.

Мемлекеттік орган

Балық шаруашылығы комитеті

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

С-О-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Балық шаруашылығы
  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Биология
  • География
  • Құқықтану
  • Экология
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Аңшылықтану және аң шаруашылығы
  • Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Бақылауындағы аумақта (учаскеде) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғалардың балық шаруашылығын жүргізу ережелерін сақтауына, пайдаланушылардың балық және аңшылық шаруашылығын жүргізу ережелерін орындауына, пайдаланушылардың балық шаруашылығын жүргізу жөніндегі шарт талаптарын орындауына, жануарлар дүниесін пайдалануға белгіленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуына, жануарларды интродукциялауға, реинтродукциялауға, будандастыруға рұқсат берудің сақталуына, бақылау үшін аулауды жүзеге асыру тәртібінің орындалуына, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтердің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Мыналарды ұйымдастырады: жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, кадастр және мониторингілеу жүргізуді; балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беруді; су тартатын құрылыстарда балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісуді; балық шаруашылығы су қоймаларында және телімдерінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған орындарда балық аулауға тыйым салынған кезеңде су көлігінің барлық түрлерінің қозғалтқыштарын қосып жүретін қозғалыстарын келісуді; «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі ҚР Заңының 17 бабының 1 және 2 тармақтарында көрсетілген шаруашылық және басқа қызмет түрін жүргізетін субъектілер жасайтын техникалық-экономикалық негіздемелерді, жобалық-сметалық құжаттарды келісуді, бекітілген балық шаруашылық су қоймасында немесе телімінде жануарлар дүниесін пайдаланушылар арнайы пайдалану кезінде жүргізетін балық шаруашылық мелиорациясының биологиялық негіздемесі негізінде балық және басқа су жануарлары ресурстарының кәсіпшілік қорының мәліметтерін жыл сайын түзетіп отырулары негізінде келісуді; балықтардың қырылуына сөзсіз әкеліп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілеріне немесе олардың бөліктеріне ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қатердің бетін қайтару мүмкін болмаған жағдайларда ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы ұсыныстар жасауды. Балық шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүргізеді. Балық шаруашылығын дамыту бойынша өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу және ұсыныстар енгізу. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жергілікті атқару органдарына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруды. Балық аулау ережесін бұзушыларға бастапқы құжаттамаларды дұрыс және уақытында толтыру. Заңда белгіленген тәртіпте әкімшілік жаза салу, сондай-ақ балық қорғау заңнамасын бұзу нәтижесінде балық қорына келтірілген зиянды өндіріп алу туралы жеке және заңды тұлғаларға талап арыз береді. Белгіленген нысанда Балық шаруашылығы комитетіне есептіліктерді, тапсырмаларды жасайды, сұрау салуларға, хаттарға, азаматтардың (жеке және заңды тұлғалардың) өтініштеріне жауаптар дайындайды. Алынып қойылған аулау құралдарының, жүзу және басқа көлік құралдарының сенімді сақталуын қамтамасыз ету. Жануарлар дүниесі объектілерін қорғау және сақтау бойынша тұрғындар арасында үгіт жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, Орындаушылық тәртіпті және еңбек тәртібін, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау. Техникалық қауіпсіздік және еңбекті қорғау, жөніндегі нұсқаулықтарды сақтау. Қаржылық және құқықтық жұмыс бөліміне (сырқаттық парақтар, жол қағаздары, іссапар куәліктері) уақтылы толтыру және тапсыру. Кадрларды есепке алу жөніндегі маманға дербес мәліметтеріндегі өзгерістерін хабарлап отыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада көзделген талаптар мен шектеулерді сақтау. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау. Инспекция және бөлім басшылығының тапсырмасы бойынша қолданыстағы заңнамада көзделген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.(Блок А, грейд 6)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 30.07.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

31.07.2024 – 08.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

13.08.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді).

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 74-10-15