ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы тамақ өнімдері қауіпсіздігі бөлімінің басшысы, C-O-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2027 жылғы 30 сәуiрге дейін, негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар), № ОБППИПО-1
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Павлодар облысы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
А функционалдық блогы.
Ұсынылған құжаттардың негізінде жеткізу пунктінде бақылаудағы тауарларды тексермелеумен ветеринариялық бақылау жасайды; Ветеринариялық-санитариялық есептің және есеп берушіліктің жүргізілуін ұйымдастырып, бақылау жасайды; Тамақ өнімдері қауіпсіздігі бөлімі туралы ережеге сәйкес ветеринария саласындағы міндеттердің атқарылуын қамтамасыз ету жөніндегі бөлім жұмысын ұйымдастырады.; Тасымалданатын (орны ауыстырылатын) жүктің импорты және оған ветеринариялық-санитариялық сараптама кезінде іріктеуді ұйымдастырады; Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнама талаптарына сәйкес орны ауыстыралатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) үшін пайдаланатын және пайдаланылған көлік құралдарына дезинфекцияның (ветеринариялық-санитариялық өңдеудің) өткізілуіне бақылау жасалуын жүзеге асырады; Жергілікті органдармен, шекаралық, кедендік, құқыққорғау және бсқа мемлкеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; Өзі қызмет ететін мемлекеттік органның басшылығын немесе құқыққорғау органдарын өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар туралы дереу хабардар етеді; Кедендік одақтың орындау үшін қабылданған ветеринариялық-санитариялық шаралары және нормативтік құқықтық актілері бойынша Келісімін іске асырады; Электрондық құжат айналымымен жұмыс жасайды (ЕСЕДО, МО интранет-порталы); Инспекция ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтайды; Қазақстан Республикасының заңдылығымен қарастырылған өзге де функцияларды атқарады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
maratov.e@minagri.gov.kz
- 09.08.2024
- Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
8(7172)555945