«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ құқықтық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы, (1 бірлік)
Алматы облысының Жер ресурстарын басқару департаменті
Алматы облысы
243701
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Департамент қызметінде заңнаманың сақталуын және оның құқықтық құжаттарын қорғауды қамтамасыз ету. Департамент қызметкерлеріне ұйымдыққұқықтық және басқа да құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру. ЕПИРГО және ИПГО бағдарламаларымен жұмыс жасайды. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қатысты Е-қызмет ақпараттық жүйесінде тиісті жұмысты үйлестіру; кадр жұмысын жүргізу, қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды ресімдеу; қызметкерлердің және техникалық қызметкерлердің жеке ісін жүргізу, қызметкерлердің еңбек кітапшаларына (көрсетілетін қызметтер тізбесіне) қажетті жазба енгізу; тәртіптік, аттестаттау, конкурстық комиссия және қызметкерлердің қызметін бағалау жөніндегі комиссия үшін қажетті материалдарды дайындау, олардың шешімдерін ресімдеу, көтермелеу мен наградтауға қызметтер көрсету, Қызметкерлердің еңбек жолы туралы анықтамалар беру, қызметкерлердің сандық, сапалық құрамы туралы ақпарат енгізу, қызметкерлерге демалыс беруді есепке алу, кезекті демалыстар кестесінің жасалуын және сақталуын бақылау, қызметкерлердің кадрларды дамыту, іскерлік өсуді жоспарлау, оқыту және біліктілігін арттыру, сондай-ақ оқытудың тиімділігін бағалау бойынша ұсыныстар әзірлеу, департамент және еңбек тәртібі қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібінің ережелерін орындау шарттарын талдау; талаптарға сәйкес кадр резервін құру, жаңадан қабылданған мамандарды өндірістік жұмыстарға бейімдеу жөніндегі жұмысқа қатысу, кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша әдістемелік жұмыс жүргізу; қызметкерлердің жұмысын бағалауды ұйымдастыру. белгіленген есептерді дайындау; Департаментте мемлекеттік тілде іс жүргізуді және мемлекеттік тілді негізгі іс жүргізу тілі ретінде пайдалануды бақылау; Департаментте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді; заңнамалық актілерде көзделген жағдайда департаменттің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Департамент атынан түсініктемелер дайындау; Тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында департаменттің (лауазымды адамның) қатысуымен даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйін талдау және оларды жою және кінәлі лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнінде ұсыныстар енгізу; бөлім басшысының немесе Департаменттің бірінші басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық мәселелер жөніндегі департаменттің құқықтық актілері мен құжаттарының жобаларын дайындау; Жер заңнамасына қатысты мәселелерді қарау кезінде сотта, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда департаменттің мүдделерін қорғау ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асырады; сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді; Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді тұрақты негізде үйлестіреді; Деректердің сапалы және уақтылы есебін қамтамасыз ету; сот, құқық қорғау органдарында және басқа да мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда департаменттің мүдделерін қорғау; құқық қорғау органдарымен және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен өзара іс-қимыл жасау; Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу нәтижесінде келтірілген залалды өтеу туралы, мақсаты бойынша пайдаланылмайтын не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары берген анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамаларды орындау туралы мәселелер бойынша талап-арыздарды дайындау және сотқа ұсыну нұсқамада көрсетілген мерзімде орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, және жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан айыппұлдар өндіріп алу туралы; Қазақстан Республикасының жер заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету; Департамент қызметкерлерінің өз міндеттерін орындау кезінде құқықтық консультациямен қамтамасыз ету; Мемлекеттік орган әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен қатысады.Тексеріс кезінде Кодексте немесе Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғалар жер құқығы қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттер атқарады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленсе, аталған шарттың ережелерi қолданылады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қ, Қойшыманов көшесі, 4 А
-
8(7172) 74-97-26