Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаменті өсімдік шаруашылығын дамыту басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Биотехнология
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Аграрлық техника және технология
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Жерге орналастыру
- Өсімдік шаруашылығы
- Агроэкология
Функционалды міндеттер
Өсімдік шаруашылығы саласының дамуына талдау және мониторинг жүргізу, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мәселелері бойынша мемлекеттік аграрлық саясатты әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласында стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік салалық бағдарламаларды, әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы саласында инновациялық технологияларды дамытуға жағдай жасауға және ғылыммен қамтамасыз етуге қатысу; өсімдік шаруашылығы саласындағы бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді және халықаралық құжаттарды әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы Еуразиялық экономикалық одақ аясында техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласында құқықтық мониторинг жүргізу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы нормативтік құқықтық негіздін мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kadry.msh@minagri.gov.kz
- Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы, 8 үй, кіреберіс 3 (Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
87172555918