Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу басқармасының басшысы C-3 санаты, 1 бірлік, А блогі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті
Астана қаласы
467115
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Жерге орналастыру
- Құқықтану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Геодезия және картография
- Топырақтану және агрохимия
- Кадастр
Функционалды міндеттер
Басқарманың қызметіне басшылық ету, лауазымдық нұсқаулықтарға, Министрлік пен Комитет туралы, Басқарма туралы Ережеге, Министрлік регламентіне сәйкес жұмысты ұйымдастыру. Басқарма құзыреті шеңберінде Үкімет қаулыларының жобаларын дайындау, жер заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарды әзірлеу және қабылдау, жер заңнамасын қолдану практикасын жинақтау, жер қатынастары мәселелері бойынша жер қатынастары жөніндегі жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру және әдіснамалық басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жер учаскелерін орман қоры жерлерінің санатынан, бір санаттан екінші санатқа ауыстыру туралы құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Белгіленген тәртіппен халықаралық шарттардың қорытындыларын келісуге қатысу. Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының мүдделерін құзыреті шеңберінде шегінде ұсыну. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасына сәйкес мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде шаралар қабылдау. Құпиялылық режимін қамтамасыз ету және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді орындау. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді орындау. Жоғары тұрған басшылықтан алынатын өзге де тапсырмаларды орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, 3 кіреберіс
-
749726