Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Жерді пайдалану мониторингі басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № 19-3-04

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Мал шаруашылығы
  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жерге орналастыру
  • Кадастр

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Функционалды блок-А, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі, Үкіметі үшін, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитет пен Министрлік басшылығы үшін ақпараттық, талдамалық материалдар дайындау. Жер заңнамасын қолдану практикасын жинақтау. Басқарманың құзыреті шегінде заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік-құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық актілерді әзірлеу. Мониторинг нәтижесінде анықталған пайдаланылмайтын немесе ұтымсыз пайдаланылатын ауыл шаруашылығы жерлері және басқа санаттағы жерлер туралы жергілікті атқарушы органдар ұсынған ақпаратты жинақтау және талдау жүргізу. Пайдаланылмайтын немесе ұтымсыз пайдаланылатын жерлер бойынша өзекті деректерді қалыптастыру. Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жерді пайдалану мониторингін жүргізу бойынша іс-шараларды іске асыру. Пайдаланылмайтын немесе ұтымсыз пайдаланылатын ауыл шаруашылығы жерлерін және басқа санаттағы жерлерді анықтау үшін веб-порталда ғарыштық мониторинг арқылы жергілікті атқарушы органдар жүргізетін ауыл шаруашылығы жерлерінің және басқа санаттағы жерлердің мониторингі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру. Жергілікті атқарушы орган мониторинг нәтижелері бойынша тоқсан сайын веб-порталда ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын немесе ұтымсыз пайдаланылатын жер учаскелері туралы қалыптастырған ақпаратқа талдау жүргізу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтармен (жер қатынастары бойынша азаматтарды қабылдау, шағымдар мен өтініштерді орнына бару арқылы қарау) жұмыс жасау. Комитет пен Министрлік басшылығы жүктеген өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 16.07.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.07.2024 – 25.07.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 mb

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, 3 кіреберіс, 1008 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172)74-97-26