Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің Кадр, ұйымдастыру және құқықтық жұмыс басқарманің бас сарапшысы, санаты C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 15 маусымға дейін), УКОИПР-4

Мемлекеттік орган

Балық шаруашылығы комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Штат кестесін жүргізу; персоналды басқарудың тиімділігін бағалау жөніндегі іс-шараларды жүргізу; мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тартуға байланысты мәселелер бойынша Комитет басшылығына ұсыныстар енгізу; қызметтік тергеулерді ұйымдастыру, өткізу және қатысу; тәртіптік комиссияға материалдарды өткізу және дайындау; өтілін есептеу жөніндегі жұмысты жүргізу мемлекеттік қызметшілердің жұмыстары; Комитеттің және аумақтық бөлімшелердің қызметкерлеріне қызметке тағайындау және қызметтен босату, еңбек және өзге де демалыстар бойынша бұйрықтар дайындау; мемлекеттік қызметшілердің кадрлық іс қағаздарын, жеке істерін жүргізу, "Е-қызмет" ақпараттық жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, бос әкімшілік лауазымдарға орналасуға материалдар дайындау және конкурстар өткізу, мемлекеттік қызметшілерге тәлімгерлік және тағылымдама жүргізу; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмаларын уақтылы орындау; қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті ұқыпты пайдалану және Комитеттің ведомстволық мұрағатына құжаттарды тапсыруды жүзеге асыру, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру, Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылықтың бұйрықтарын, өкімдерін, тапсырмаларын, жоспарлы және біржолғы тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау, басқарма қызметі туралы Үлгілік ережеге сәйкес өзге де функцияларды орындау персоналмен. (Блок Б, грейд 5).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 16.07.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.07.2024 – 25.07.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

30.07.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді).

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 74-10-15