Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаменті агромелиорация басқармасының басшысы, C-3, блок А

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

512005

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Агроинженерия
  • Биотехнология
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
  • Аграрлық техника және технология
  • Топырақтану және агрохимия
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Жерге орналастыру
  • Гидротехникалық құрылыс және ғимарат
  • Өсімдік шаруашылығы

Функционалды міндеттер

Басқарманың қызметіне жалпы басшылық жасау; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдардың сапалы орындалуын ұйымдастыру; суармалы жерлерді мелиорациялау және мониторингі саласындағы стратегиялық құжаттарды тұжырымдамаларды, бағдарламалармен құжаттарды әзірлеу; суармалы жерлерді мелиорациялау және мониторингі саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, суармалы жерлерді мелиорациялау және мониторингі саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру; суармалы жерлерді мелиорациялау және мониторингі саласындағы Ауыл шаруашылығы министрлігінің стратегиялық жоспарының және өзгеде салалалық бағдарламалардың көрсеткіштерін әзірлеу және түзету; суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйінің мониторингі және бағалау мәселелері бойынша жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету; суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйінің мониторингі және бағалау саласындағы мемлекеттік мекемелердің жұмыстарын үйлестіру, су объектілерін қорғау саласында әдіснамалық қызмет көрсету; суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйінің мониторингі және бағалау, су объектілерін қорғау саласында әдіснамалық қызмет көрсету саласындағы республикалық бюджеттік бағдарламалардың әзіленуі мен іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру; суармалы жерлердің мониторингі бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) әзірлеу, дайындау және қалыптастыруға қатысу; суарудың прогрессивтік режимдері мен техникасын, меншік нысандарына қарамастан гидромелиоративтік жүйелер деңгейіндегі су бөлуді диспетчерлеу мен автоматтандыруды қамтитын мелиорациялау және су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және үйлестіру; су үнемдеу технологиясына озық технологиялық машиналармен жабдықтарды кеңінен ендіруді ұйымдастыру және үйлестіру, сондай-ақ су үнемдеу технологияларын субсидиялау бойынша қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру; суарудың заманауи технологиясына жаңа прогрессивті технологиялық жабдықтарды ендіруді үйлестіру. Су беру бойынша қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіруді қамтамасыз ету, жаңа жабдықтарды қолдана отырып суды есепке алу технологиясын жетілдіру.

мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің суармалы жерлер мониторингін жүргізуін ұйымдастыру; ғылыми-техникалық прогресті, озық отандық және халықаралық тәжірибені ескере отырып, мелиорация және нарықтық экономика жағдайларында су үнемдеу технологияларын, мелиорациялау мен су үнемдеу технологияларының неғұрлым оңтайлы әдістері мен тәсілдерін енгізу саласындағы өндірістік және технологиялық саясатты айқындау; басшылықтың өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 10.07.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.07.2024 – 19.07.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы, 8 үй, кіреберіс 3 (Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 555-918