Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы, санаты C-O-5 (1 бірлік), ОРХ-3

Мемлекеттік орган

Балық шаруашылығы комитеті

Аймақ

Ақмола облысы

Санат

С-О-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Биология
  • Экономика
  • Экология
  • Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру, балық ресурстары мен басқа да су жануарларының кадастры мен мониторингін мемлекеттік есепке алу, балық шаруашылығын реттеу, балық шаруашылығы Су айдындарындағы балық қорларының жайкүйін Ихтиологиялық бақылау. Барлық сатылардағы әкімшілік істердің қозғалысын бақылауды жүргізу және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес қарастыру. Қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді, сондай-ақ Комитет пен инспекция басшылығы айқындайтын өкілеттіктерді жүзеге асыру. Балық ресурстары және басқа су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзуымен келтірілген зиянды өтеу бойынша белгіленген тәртіпте талап қою. Инспекция қызметі бойынша соттарда, қылмыстық қудалау органдарында белгіленген тәртіпте мүдделерді білдіру. Инспекцияның бюджеттік өтінімін жасауды қамтамасыз ету және оны Комитетке ұсыну, сондай-ақ бюджеттік процестің басқа да рәсімдерін жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының сатып алу саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысу. (Блок А, грейд 6).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 19.06.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.06.2024 – 28.06.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30МВ

Сұхбаттасу күні

03.07.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді).

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)74-03-29