ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясы биологиялық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің демалысы мерзіміне 2025 жылғы 17 сәуiрге дейін), № ОББ-2

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

С-R-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

А функционалдық блогы.

2.1. Бас маман Инспекция басшысына, оның орынбасарына және бөлім басшысына бағынады.

2.2. Бас маманды Инспекция басшысы тағайындайды және қызметінен босатады.

2.3. өзіне жүктелген міндеттерді атқару үшін, мемлекеттік және басқа мекемелерден тиісті ақпаратты алу.

2.4. бас маман қызметтік міндеттерін атқарғанда, жанында қызметтік куәлігі болуы тиіс.

2.5. Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» Заңының 14-1 бабы 1 тармағының сәйкес:

1) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;

2) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда;

3) құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функциясын қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауына жүзеге асырылады.

2.6. Басшылықтың немесе құқық қорғау органдарының назарына белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жәйттері туралы жеткізу.

2.7. апталық, айлық, тоқсандық, жылдық мәліметтерді уақытында жинақтау.

2.8. Инспекция басшысы, оның орынбасарының және бөлім басшысының жүктеген өзгеде тапсырмаларын орындау.

2.9 Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық аурулары қоздырушыларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау жөнiндегi ветеринариялық iс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылау.

2.10. ауыл шаруашылығы жануарлары арасында аурудың шығуын және тамақтан улануының және олардың пайда болуы себептерін анықтау.

2.11. Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 1 тармағына сәйкес, ветеринария саласында қызмет көрсететін, бөліп айтқанда ішкі іс-шараларды орындайтын жергілікті атқарушы органдардың қызметін қадағалау.

2.12. Қазақстан Республикасының заңнамасында көз¬делген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау.

2.13. Облыстағы аса қауіпті ауруларға мониторинг жасау, ауру ошағы тіркелген жағдайда шұғыл хабарламалар жіберу және басқа да тапсырылған жұмыстарды орындау.

2.14. Денсаулық сақтау басқармасымен ақпараттар алмасу, жинақтау, қорытындылау, мониторинг жасау.

2.15. Аудандық (қалалық) аумақтық инспекциялардың жұмыстарына бақылау жүргізу.

2.16. Сібір жарасы ошақтары туралы айлық ақпараттар мен мәліметтерді жинақтау, қорытындылау, белгіленген уақытында уәкілетті органға жолдау.

2.17. Бас маман уақытша қызметте болмаған кезде оның функционалдық міндеттерін осы бөлімнің бір бас маманы орындайды.

2.18. Аудандарға (қалаға) берілген тапсырмаларды және тоқсандық, айлық, апталық мәліметтер мен ақпараттарды жинақтап, қорытындылап уәкілетті органға уақытылы жолдау.

2.19. Өтiнiштер бойынша қабылданған мәселелер мен шешiмдердiң мәнiнiң дұрыс толтырылуы үшiн жауапкершiлiк өтiнiштердiң тiкелей жауапты орындаушыларына жүктеледi.

2.20. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша бақылауды және ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттама талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді жүзеге асырады

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 07.06.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.06.2024 – 18.06.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

24.06.2024

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945