Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаменті Құқықтық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы, C-O-5 санаты (ОПОИОР-2, 1 бірлік)
Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаменті
Қарағанды облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда Департамент қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның мүдделерін білдіру; Қазақстан Республикасының ауыл
шаруашылығы министрлігі әзірлейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық
актілерінің жобаларына ұсыныстар дайындауға қатысу; Құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және
Департамент басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық мәселелер бойынша Департаменттің құжаттарын дайындау; Департаментте Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
Заңнамалық актілерде көзделген жағдайда Департамент құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Департамент атынан түсініктеме дайындау; Департаментке келіп түсетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жүйелендірілген есебін және олардың сақталуын ұйымдастырау; шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз ету; тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Департаменттің қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай күйін талдау және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу; заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда Департаменттің пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгінеді; заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізуді жүргізеді, сондай-ақ Департаменттің лауазымды тұлғаларының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауын бақылауды жүзеге асыру; Жер заңнамасының нормаларын түсіндіру мәселесі бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарау; Департаменттің басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар келісіледі; Жер Кодексінің 148-бабы 1-тармағының 4)тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап қоюды дайындау және беру; Департаменттегі құжат айналымы, архив, цифрландыру жұмыстарын үйлестіру және ұйымдастыру; Департаменттің негізгі құралдары мен тауарлық-материалдық құндылықтарын жыл сайын түгендеуге қатысу; Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізу үшін өтінімдерді дайындау және жоғары тұрған органға жіберу; Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша пайда болған берешектер бойынша салыстырып тексеру актілерін дайындау және жоғары тұрған органға жіберу; Белгіленген мерзімде барлық қажетті есептеулері бар бюджеттік өтінімдер жобаларын жасау; негізгі құралдарды есептен шығаруды ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетіне аванстық есептерді, еңбекке жарамсыздық парақтарын, жұмыс уақытының ведомостарын жинау және ұсыну; кеңсе тауарлары мен тұрмыстық керек жарақтарға сұраныстарды дайындау және беру; негізгі тұрмыстық және кеңсе тауарларын қабылдап алу; Департаменттің шаруашылық және өзге де ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу; бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді орындау ("Б" функционалдық блогы)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
koshieva.gu@minagri.gov.kz
- 14.06.2024
- Қарағанды қаласы, Пассажирская көшесі, 15 ғимарат
-
8(7172)74-97-26