Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті Микрокредиттің берілуін мониторингтеу басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Қаржы
  • Бухгалтерлік есеп және аудит

Функционалды міндеттер

Агроөнеркәсіптік секторда стратегиялық құжаттарды, тұжырымдамаларды, заң жобаларын, бағдарламалар мен өзге де бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге, Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын әзірлеуге және келісуге, Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және агроөнеркәсіптік кешенде жаңа қаржы құралдарын құру және қолданыстағыларын жетілдіру мәселелері бойынша Министрдің бұйрықтарын әзірлеуге қатысу; сақтандыру сыйақыларын субсидиялау қағидаларын, сақтандыру өнімдерін әзірлеу және бекіту қағидаларын, ауыл халқына/агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне микрокредит беру жөніндегі қағидаларды әзірлеу; ауыл халқына/агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне микрокредит беруді дамытуды жетілдіру; ауыл халқына/агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне микрокредит беру жөніндегі жұмыстарды мониторингтеу және ұйымдастыру, екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттерге кепілдік беру жөніндегі бағдарламаның мониторингі; Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмысты үйлестіру; ауыл; Басқарма құзыреті шегінде іске асырылатын бюджеттік бағдарламаларды әкімшілендіру; Министрліктің кеңестерін, алқа отырыстарын және өзге де іс-шараларды өткізу үшін басқарма құзыреті шегінде анықтамалар мен таныстыру материалдарын дайындау; құзыреті шегінде Басқарма, Департамент және Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 30.05.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

31.05.2024 – 10.06.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы, 8 үй, кіреберіс 3 (Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172-555-918