Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және АӨК-ні цифрландыру департаменті ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 21 маусымға дейін), Блок В
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Ақпараттық қауіпсіздік
- Информатика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
Функционалды міндеттер
Басқармасының қызметін жалпы басшылық жасау; Басқармаға түсетін хат-хабарларды қарау және тарату; басқа мемлекеттік органдар мен мекемелерде Басқарманың, Министрліктің өкілі болуға; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету; 104 «Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету» бюджеттік кіші бағдарламасын жоспарлау және орындау; әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысу; тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді қабылдау, сәйкестік сертификаттарына, ақпараттық жүйелер пайдалануға еңгізуіне, ай сайынғы және тоқсан сайынғы көрсетілетін қызметтер қабылдау үшін әкімшілетін бюджеттік кіші бағдарламалар туралы есептерге және басқа құжаттарға қол қою; пайдаланушылардың министрлігінің ақпараттық жүйелерін пайдалануын үйлестіру; ақпараттық технологияларды қолдану бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыруға қатысу; ақпараттық технологияларды қолдану және олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі бойынша Министрлік қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізуді ұйымдастыру; әкімшілік бюджеттік кіші бағдарламалардың жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстарды дайындауда қатысу; ауыл шаруашылығы саласындағы ақпаратты дамыту және жетілдіру үшін негізгі бағыттар мен басымдықтарды жүзеге асыру туралы өз құзыреті шегінде шешім қабылдау; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; ақпараттық технологияларға қатысты ішкі құқықтық актілерді келісу және материалдарды, анықтамаларды әзірлеу; қаржыландыру жоспарына өзгеріс енгізу бойынша Департамент директоры мен директордың орынбасарына анықтамалар мен өтінімдерді әзірлеп, ұйымдастырылуын қамтамасыз ету; Департамент құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kadry.msh@minagri.gov.kz
- Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы, 8 үй, кіреберіс 3 (Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
87172555918