Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлі Егіншілік департаменті агромелиорация басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік), Блок А

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Агроинженерия
  • Биотехнология
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Аграрлық техника және технология
  • Топырақтану және агрохимия
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Гидротехникалық құрылыс және ғимарат
  • Өсімдік шаруашылығы

Функционалды міндеттер

Суармалы жерлерді мелиорациялау және мониторингі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; мелиорациялау және прогрессивтік технологиялар (суару режимі және техникасы, меншік нысандарына қарамастан гидромелиоративтік жүйелер деңгейіндегі су бөлуді диспетчерлеу мен автоматтандыру) саласындағы нормативтік-құқықтық және нормативтік-әдістемелік базаны жетілдіруге қатысу; суармалы жерлерді гидромелиорациялау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының жобаларын дайындау; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Стратегиялық жоспарының іс-шараларын орындау; суармалы жерлерді гидромелиорациялау мәселелері бойынша министрліктермен, ведомстволармен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау; cу үнемдеу технологиясына озық технологиялық машиналармен жабдықтарды кеңінен ендіруді ұйымдастыру және үйлестіру, сондай-ақ су үнемдеу технологияларын субсидиялау бойынша қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру; cуарудың заманауи технологиясына жаңа прогрессивті технологиялық жабдықтарды ендіруді үйлестіру. Су беру бойынша қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіруді қамтамасыз ету, жаңа жабдықтарды қолдана отырып суды есепке алу технологиясын жетілдіру. Тұжырымдамалық ұсыныстар дайындай отырып, мелиорациялау мен су үнемдеу технологияларының, гидромелиоративтік жүйелер деңгейіндегі су пайдаланудың іс жүзіндегі жай-күйін зерделеу және талдау; суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйін мониторингі және бағалау саласындағы республикалық бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу, су объектілерін қорғау саласында әдістемелік қызмет көрсету; мелиоративтік шараларды жүзеге асыру және су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша инфрақұрылымдар мен субъектілердің өзара әрекеттесуін және оларға әдістемелік қолдау көрсетуді ұйымдастыру; мелиорация және су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі шығындарды қаржыландыру, субсидиялау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және мониторингілеу; басшылықтың тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 06.05.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.05.2024 – 20.05.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, үй 8, Министрліктер үйі, 3 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172-555-918