Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Заң қызметі департаменті құқықтық-ұйымдастырушылық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік). Блок B
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
243701
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Мынадай қызметтерді жүзеге асыру:
1) шарттардың және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаларына құқықтық сараптама жүргізу;
2) құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу;
3) соттарда, мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Министрліктің мүддесін білдіру;
4) заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз ету;
5) тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Министрліктің қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу;
6) Министрліктің қызметінде туындаған құқықтық мәселелер бойынша қорытындылар дайындау;
7) комиссия және жұмыс топтарына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу бойынша;
8) Министрліктің негізгі қызметіне қатысты сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру;
9) құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен хат алмасу;
10) Министрліктің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Министрліктің атынан түсіндірмелер беру;
11) жұмыс берушінің актілеріне сараптама жүргізу;
12) Департамент басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kadry.msh@minagri.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, үй 8, Министрліктер үйі, 3 кіреберіс
-
8-7172-555-918