Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ақпараттық қауіпсіздігі басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік), Блок B

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Информатика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Функционалды міндеттер

Ақпараттық қауіпсіздікті, оқиғаларды тіркеудің құжаттамалық ресімделуіне бақылауды жүзеге асыру. Ішкі аудит жүргізуді ұйымдастыру және ақпараттық қауіпсіздіктің ішкі аудитін жүргізуге қатысу. Министрлікте ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттаманың талаптардың орындалуын бақылау; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы тәуекелдердің басқарылуын бақылау; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланатын бизнес-процестер үздіксіздігінің қамтамасыз етілуін бақылау; жеке және заңды тұлғалардың Министрліктің мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарына және мемлекеттік ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуін ұйымдастыруды бақылау.Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдарды уақтылы дайындау. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша түсіндірулер мен консультациялар жүргізу; Басқарманың құзіретіне кіретін нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын келісу және әзірлеу; ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, кіріс және шығыс хат-хабарлар бойынша құжаттарды уақтылы дайындау. Жоғары тұрған басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.05.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.05.2024 – 14.05.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, үй 8, Министрліктер үйі, 3 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172-555-918