ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті бухгалтерлік есеп басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік), № УБУ-3
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
А функционалдық блогы.
Заңнамамен белгіленген өзіне жүктелген қызметтерді іске асыру мақсатында бас сарапшы төменде көрсетілген қызметтерді атқарады:
3.1. Комитет әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын әзірлеу және оларға өзгеріс енгізу;
3.2. Қаржылық құжаттардың уақытылы және дұрыс жасалуын қамтамасыз ету;
3.3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің орталық аппаратының және орталық аппараттың сәйкес құрылымдық бөлімшелерінің бюджеттік өтінімнің толықтығына және ұсынылған құжаттардың (бюджеттік бағдарламаның төлқұжат жобасы, дәлелдеме есептер, түсініктеме хат, ММ формалары, нормативтік құқықтық актілер көшірмелері) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкестігіне, ұсынылған дәлелдеме құжаттардың толықтығына қарастыру және келісу және дұрыстау;
3.4. Бюджеттік бағдарламаларға бағалау жүргізу;
3.5. Республикалық бюджеттің орындалуы бойынша және АЖ ЕТБЖ арқылы Комитет активтерін түгендеу бойынша есептерді тапсырады;
3.6. Комитеттің бекіткен кестеге сәйкес бағыныстағы ұйымдардың (РЭҚО, ВҰРО) активтерін есептен шығаруды қарастыру және келісу;
3.7. Комитеттің негізгі құралдарына түгендеу жүргізеді;
3.8. Директивті құжаттарды, Комитет басшыларының, Басқарма басшысының тапсырмаларын орындау;
3.9. Комитеттің бюджеттік бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының орындалуын іске асыру;
3.10. ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы №540 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес республикалық бюджеттің орындалуы бойынша жұмыс жүргізу;
3.11. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында Комитетке қызмет көрсететін (жұмыстарды жасайтын, тауарларды әкелетін) ұйымдармен бюджеттік қаражат есебінен жасалынатын азаматтық-құқықтық келісім-шарттарды тіркеуді қамтамасыз ету;
3.12. Кәсіпорындардың даму жоспарының орындалуына бақылау және талдау жүргізу;
3.13. Ведомстволық бағынысты республикалық заңды тұлғаларға берілген мүлікті алу және қайта бөлуге мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органға келісім беру туралы ұсыныстарды Комитет басшысына енгізу;
3.14. «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын Комитет басшысына бекіту үшін жолдайтын даму жоспарларына, олардың орындалуы туралы есептеріне және еңбек ақы қорын қарастырып келісім беру;
3.15. Республикалық мемлекеттік мекемелердің республикалық бюджеттен қаржылық жоспарларын бекітуді қамтамасыз ету;
3.16. Мемлекеттік мекемелерге мүлікті тіркеуді қамтамасыз ету;
3.17. Кәсіпорындардың республикалық бюджетке таза табысының белгіленген бөлігін уақытылы және толық аударуына бақылау жүргізу;
3.18. Комитеттің орталық аппаратындағы қызметкерлердің іс-сапар бойынша есебін жүргізу, №8 мемориалдық ордерін рәсімдеу;
3.19. Бухгалтерлік және қаржылық қызметке қатысты ережелерге, нұсқамаларға, есеп пен есептілік сұрақтары бойынша методикалық нұсқаулықтарға жүйелік есеп жүргізу;
3.20. Бастапқы қаржылық және бухгалтерлік құжаттардың сақталуына дербес жауапкершілікке алынады;
3.21. Кәсіпорындардың еңбек ақы қорын қарастырып бекітеді;
3.22. Ішкі еңбек тәртібі ережесін ұстану;
3.23. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, Комитет және Басқарма басшысының тапсырмасына сәйкес өзге де міндеттерді атқару;
3.24. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемені жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 06.05.2024
- Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
8(7172)555945