Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, C-O-5 санаты, 1 бірлік, (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2024 жылғы 26 қарашаға дейін, негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар), коды (№ 02-05-05)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

С-О-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Бухгалтерлік есеп

Қосымша талаптар

Білімі: еңбек ресурстарын басқару

Функционалды міндеттер

В функицоналдық блогы.

Инспекция қызметінде еңбек заңдылықтарының сақталуын қамтамасыз ету, кадрлық жұмыстарды жүргізу, келісім бойынша құжаттарды дайындау, еңбек демалысы, іс-сапар және тағайындау туралы бұйрықтарды рәсімдеу; инспекция қызметкерлерінің іс-құжаттарын әзірлеу; кадрлык сұрақтар бойынша құрылымдық есептер және талдау, жинақтау;

Инспекция бланкілер есебін қатаң қадағалау; азаматтардың өтініштері мен арыздарымен жұмыс;

Жылдық, тоқсандық, айлық есептерді заңға  сәйкес уақтылы жасау, және тапсыру;

«Е-қызмет» интеграциялық ақпараттық жүйесімен жұмысты атқару;

Мемлекеттік қызметшілерін тәртіптік жазаға тарту, есебін жүргізу;

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

Талдау материалдарын дайындайды, тиісті органдарға кадрлар мәселесі бойынша жүргізетін жұмыстар жөнінде қажетті ақпараттарды, есептерді  әзірлеп жіберу;

Жеке және заңды тұлғалардан «Е-өтініш» АЖ-і, электрондық пошта арқылы, қағаз жүзінде түскен өтініштерді заң негізінде қарап, уақтылы (мерзімін бұзбай) және сапалы жауап беру; өтініштер бойынша қабылданған шешімдердің және сұрақтардың мазмұнын, мәнін нақты, дұрыс толтыруға жауапты.

Облыстық және аудандық (қалалық) аумақтық инспекцияларының қызметшілерін жеке бас ісін жүргізу, еңбек кітапшаларына қажетті жазбалар енгізу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 05.04.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.04.2024 – 16.04.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

19.04.2024

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945