ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясының бас маман - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы, C-R-4 (1 бірлік), № КРТИ-5

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

С-R-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Қосымша талаптар

Білімі: ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария, ветеринарлық фельдшер, ветеринария

Функционалды міндеттер

А функционалдық блогы.

Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөнiндегi ветеринариялық іс-шаралардың жүзеге асырылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

-Аудан аумағындағы ветеринариялық – санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс- шаралар (вакцинация, диагностика, бірдейлендіру т.б)  жоспарының орындалуын бақылау және қадағалауды жүзеге асырады;

-Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау жөнiндегi қызметіне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

-Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің қызметін бақылау мен қадағалауды;

-Жануарлар өнімдерін сақтайтын және  өткізетін ішкі сауда объектілерінде және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарда бақылау мен қадағауды жүргізеді;

-Ветеринария саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкімшілік жазалар қолданады, сондай-ақ ветеринария саласындағы Заң бұзушылықты түзету туралы нұсқамалар береді;

-Ветеринария саласындағы бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандартына сай экспорттау кезінде орны ауыстырылатын объектілерге ветеринариялық сертификат береді;

-Ветеринария саласындағы бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандартына сай мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды береді;

-Бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды, олардың республикалық қорын қоса алғанда, оларды сақтауға, тасымалдау (жеткізу) мен пайдалануына, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

-Казталов ауданы бойынша аса қауіпті аурулардың ошағы пайда болған кезде эпизоотиялық зерттеу жүргізіп, эпизоотологиялық зерттеу актісін жасақтайды және патологиялық сынама алу жұмыстарына қатысады, сондай-ақ сауықтыру жұмыстарының сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды күн сайын жүзеге асырады;

-Казталов ауданы бойынша жаңадан әкелінген немесе әкетілетін ауыл шаруашылығы малдарын карантинге қояды және карантиндеу нәтижесі бойынша эпизоотологиялық зерттеу актісін жасақтайды;

-Казталов ауданы бойынша мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырларды) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігіне және олардың күтіп-ұсталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүргізеді;

-Казталов ауданы бойынша қолайлы эпизоотиялық бірліктерде, сондай-ақ қолайсыз эпизоотиялық бірліктерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын объектілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларды алып қояды және жояды, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе өңдеудi ұйымдастыру iсiне қатысады, сондай-ақ аталған фактiлер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлайды;

-Ай сайын 1-вет, 2-вет, 12–вет нысанындағы есептерді, диагностикалық және ветеринариялық іс –шаралар жоспарының орындалуы туралы есебін, мал сою алаңдары туралы ақпарат ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің БҚО аумақтық инспекциясына жолдайды;

-Номенклатура бойынша кіріс,шығыс құжаттарын тіркейді, жүргізеді;

-Ветеринариялық құжаттарды беру кезінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» № 7-1/453 бұйрығында көрсетілген стандарттар мен регламенттерді қатаң сақтай отырып,  соның ішінде  ветеринариялық қортынды  және есептік номер беру бойынша ай сайынғы есебін жүргізіп ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің БҚО аумақтық инспекциясына жолдайды;

-Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы қаңтардағы №162 бұйрығымен бекітілген ”Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеу және олардың күшін жою, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне а тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту туралы хабарламаларды тіркеу және тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну және олардың нәтижелері туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы’’ қағидаларына сәйкес «ЕРСОП» бағдарламасы бойынша жұмыстанады, есебін жүргізеді;

-Заңнамаға сәйкесті өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 05.04.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.04.2024 – 16.04.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

19.04.2024

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945