Заң қызметі департаменті Заңнама басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Қосымша талаптар

1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;

2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі даярлаған нормативтік құқықтық актілер жобаларына (Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарғыларының, заңнамалық актілерінің жобалары, сондай-ақ басшылықтың тапсырмасы бойынша нормативтік құқықтық бұйрықтар жобалары) сараптама жүргізу; нормативтік құқықтық актілер бойынша қорытындылар дайындауға қатысу;  агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарға құқықтық баға беру; Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары, өзге мемлекеттік органдардың, құрылымдық бөлімшелердің құқықтық сипаттағы хаттары бойынша қорытындылар дайындауға қатысу; нормативтік құқықтық бұйрықтарды қоспағанда, заң жобаларын, Үкімет қаулылары мен басқа да нормативтік актілерді дайындауға және Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен келісуге қатысу; нормативтік құықтық бұйрықтарды қоспағанда, нормативтік құқықтық актілерді немесе құқықтық сипаттағы өзге де құжаттарды әзірлеу немесе әзірлеуге қатысу; министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің заң жобалау жұмыстары жоспарларын және заң жобалары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі жекелеген тапсырмаларды қалыптастыруын және орындауын жалпы бақылау, олардың осы бағыттағы қызметіне әдістемелік басшылық жасау және бұл үшін қажетті ақпараттық және құқықтық көмек көрсету; Басқарма құзыретіне кіретін өзге де тапсырмаларды орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 20.07.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.07.2020 – 23.07.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары к., 36

Анықтама алу үшін байланыс

анықтама үшін телефондар: 8 (71 72) 555-870,

e-mail: konkurs.ca@msh.gov.kz