Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаменті өсімдік шаруашылығын дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2026 жылғы 4 маусымына дейін) Блок А, сондай-ақ негізгі жұмыскердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар екені туралы хабарлаймыз

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

327924

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Биотехнология
  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Аграрлық техника және технология
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Өсімдік шаруашылығы

Функционалды міндеттер

Өсімдік шаруашылығы саласының дамуына талдау және мониторинг жүргізу, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру  мәселелері бойынша мемлекеттік аграрлық саясатты әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік салалық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы саласында  ғылыммен қамтамасыз етуге және инновациялық технологияларды дамытуға жағдай жасауға қатысу; өсімдік шаруашылығы саласындағы бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы мәселелері бойынша халықаралық құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы Еуразиялық экономикалық одақ аясында техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласында құқықтық мониторинг жүргізу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы нормативтік құқықтық негіздін мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысу

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.03.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.03.2024 – 12.03.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20МГ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы, 8 үй, кіреберіс 3, (Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 555-918