ҚР АШМ ЖРБК Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментінің Құқықтық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы, C-O-5 санаты (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қызылорда облысының Жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Қызылорда облысы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы
  • Бухгалтерлік есеп және аудит

Функционалды міндеттер

Ұзақ мерзімді және ағымдағы бекітілген жоспарлар бойынша шараларды атқару, бөлімнің жұмысын жасақтау жөнінде ұсыныстар енгізу;

Жоғарғы органдар тарапынан берілген тапсырмалардың уақытылы, сапалы орындалуын қамтамасыз ету;

Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарына (арыз, шағым, өтініш, наразылық т.б) уақытылы, сапалы жауап беру;

Кодекстің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде үш жұмыс күні ішінде орталық уәкілетті органға ақпарат жіберу;

Кодекстің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап қоюды дайындау және беру;

Департамент мүддесін сот процестерінде, мемлекеттік, мемлекеттік емес және қоғамдық ұйымдарда қорғау;

Жеке және заңды тұлғалардың өтінштеріне уақытылы, сапалы жауап беру;

                Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау саласы бойынша қабылдануы тиіс нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар беру;

                Департаменттің қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес құқықтық қамтамасыз етуді жүргізу;

Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шараларын ұйымдастыру және жүргізу;

Департаменттің мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі шараларды ұйымдастыру және жүргізу;

Департамент қызметінің тиімділігін бағалау бағыттары бойынша жұмыстарды жүргізу және орындау;

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру және аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету;

Жеке және заңды тұлғалардың өтінштерінің барлық есептіліктерін жүргізу, тапсыру және орындау;

«Е-өтініш» және «Е-қызмет» жүйесі бойынша жұмыстарды үйлестіру, тіркеу, жүргізу және есептілігін тапсыру;

Департаменттің іс өндіріс құжаттамаларын (құжатайналым) қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету;

Құқықтық сабақтар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шараларды өткізуді ұйымдастыру, жүргізу және орындау;

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;

Ішкі еңбек тәртібі Ережесін сақтау;

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемені жүзеге асырады;

                Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзгеде қызметтерді атқарады. ("Б" функционалдық блогы)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 05.03.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.03.2024 – 15.03.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

20.03.2024

Сұхбаттасу орны

120008, город Кызылорда, проспект Абая, 27

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172)74-97-26