ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы, C-R-4 (1 бірлік), №АРТИ-8

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

С-R-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Қосымша талаптар

Білімі: ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария, ветеринарлық фельдшер, ветеринария

Функционалды міндеттер

А функционалдық блогы.

Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөнiндегi ветеринариялық іс-шаралардың жүзеге асырылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

-Аудан аумағындағы ветеринариялық – санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс- шаралар (вакцинация, диагностика, бірдейлендіру т.б)  жоспарының орындалуын бақылау және қадағалауды жүзеге асырады;

-Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау жөнiндегi қызметіне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

-Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің қызметін бақылау мен қадағалауды;

-Жануарлар өнімдерін сақтайтын және  өткізетін ішкі сауда объектілерінде және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарда бақылау мен қадағауды жүргізеді;

-Ветеринария саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкімшілік жазалар қолданады, сондай-ақ ветеринария саласындағы Заң бұзушылықты түзету туралы нұсқамалар береді;

-Ветеринария саласындағы бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандартына сай экспорттау кезінде орны ауыстырылатын объектілерге ветеринариялық сертификат береді;

-Ветеринария саласындағы бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандартына сай мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды береді;

-Бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды, олардың республикалық қорын қоса алғанда, оларды сақтауға, тасымалдау (жеткізу) мен пайдалануына, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

-Мекемеге мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу үшін келіп түскен өтініштерді уақытылы тіркеу;

-Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді Е-otinish бағдарламасына уақытылы тіркеу;

-Инспекцияның жылдық жұмыс жоспарының орындалуын уақытылы жүргізу;

-Инспекцияның істер номенклатурасын жүргізу, кіріс және шығыс хаттарға уақытылы жауап беру;

-Инспекцияда өткізілген құқықтық оқыту, жиналыс хаттамаларын жүргізу;

-Ай сайын 1-вет, 2-вет, 12 –вет нысанындағы есептерді,  құс тұмауы, шошқаның африкалық обасына қарсы жүргізілген ветеринариялық  іс-шаралар туралы мәліметін, орны ауыстырылатын объектілердің экспорты, импорты туралы айлық есепті, уәкілетті органдар тарапынан жүргізілген тексерулер туралы  нысандары бойынша айлық ақпраратты, ветеринариялық – профилактикалық (вакцинациялау), диагностикалық (серологиялық), бірдейлендіру іс-шараларының орындалуы туралы апталық мәліметті, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің БҚО аумақтық инспекциясына жолдайды;

-Ветеринариялық құжаттарды беру кезінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» № 7-1/453 бұйрығында көрсетілген стандарттар мен регламенттерді қатаң сақтайды;

-Заңнамаға сәйкесті өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 28.02.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.02.2024 – 11.03.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

15.03.2024

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945