Аграрлық азық-түлік нарықтары, органикалық өнім және техникалық реттеу департаменті Органикалық өнім және техникалық реттеу басқармасының сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 17.06.2019 ж. бастап 05.05.2022 ж. дейін), санаты С-5, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

104058 - 140691

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Биология
  • Экология
  • Биотехнология
  • Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Аграрлық техника және технология
  • Өсімдік қорғау және карантин

Қосымша талаптар

1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;

2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

Техникалық реттеу және органикалық өнім өндіру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді; стандарттар жобаларын әзірлеу және келісу; Техникалық реттеу және органикалық өнім өндіру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ стандарттар жобаларын әзірлеу және мүдделі мемлекеттік және басқа да органдармен келісу; Техникалық реттеу және органикалық өнім өндіру саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге талдау және мониторинг жүргізу; Техникалық реттеу және органикалық өнім өндіру саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар әзірлеу және енгізу; есептерді жинау және талдау, техникалық реттеу және органикалық өнім өндіру мәселелері бойынша талдамалық ақпарат дайындау; Техникалық реттеу және органикалық өнім өндіру саласындағы шет елдермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты қамтамасыз ету, сондай-ақ көрсетілген жобаларды келісуді және оларды қабылдауды қамтамасыз ету; Техникалық реттеу және органикалық өнім өндіру саласындағы ұлттық заңнаманы және Еуразиялық экономикалық одақтың және халықаралық ұйымдардың шарттық-құқықтық базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу; Еуразиялық экономикалық одақтың және халықаралық ұйымдардың шарттық-құқықтық базасын қалыптастыру және органикалық өнім өндіру жөніндегі отырыстар мен кеңестерге қатысу; Техникалық реттеу және органикалық өнім өндіру саласындағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік, салалық және өзге де бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру шеңберінде техникалық реттеуді дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу; Департамент, Басқарма басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 14.07.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.07.2020 – 23.07.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары к., 36

Анықтама алу үшін байланыс

анықтама үшін телефондар: 8 (71 72) 555-870,

e-mail: konkurs.ca@msh.gov.kz