Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (кеңсе) (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 30.07.2024 ж. дейін, негізгі қызметкер белгіленген мерзімнен бұрын шығуға құқылы), санаты С-О-5, 1 бірлік, № 18-18.2-4
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Астана қаласы
195549
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
(Блок В-3) ҚР АШМ АӨК МИК Астана қ. аумақтық инспекциясының және бөлімнің іс-қағаздарын ұйымдастырады және жүргізеді. Астана қ. аумақтық инспекцияның аппаратына электронды пошта, БЭҚЖ арқылы, қолма-қол келген хат-хабарларды тіркейді, қабылдайды. Кіріс хат-хабарларды есепке алуды жүргізеді; инспекция басшысы қарағаннан және қол қойғаннан кейін құжаттаманы инспекцияның бөлімдеріне жеткізеді. Инспекцияға келіп түскен (бақылауда тұрған) шұғыл құжаттаманы инспекция бөлімдерінің уақытылы орындауын бақылайды. Шығыс хат-хабарды тиісті түрде рәсімдейді, орындалған құжаттарды адресаттарға жолдайды, орындалған құжаттарды бақылаудан алып тастайды. Астана қ. Аумақтық инспекцияға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарау және мерзімнен кешіктірмей жауап беруін бақылайды. Статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша салыстыруды жүргізеді. Әскери комиссариат үшін Астана қ. бойынша әскери міндетті қабылданған / босатылған қызметкерлерді есепке алуды жүзеге асырады. Инспекция аппаратында іс мұрағатының жағдайын ұйымдастырады және оған жауапты. Іс-қағаздардың аяқталған құжаттарын қабылдауды, есепке алуды, сақтауды және пайдалануды, істерді мемлекеттік мұрағатқа сақтауға дайындауды жүзеге асырады. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін іс-шараларды сақтау. Қатаң есепке алу бланкілерінің есебін жүргізеді. Арнайы байланыс арқылы жіберу үшін құжаттарды рәсімдейді. Бөлім басшысымен белгіленген басқа да міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
alaidar.b@minagri.gov.kz
- Астана қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 6А
-
87172-555-885