Қаржылық қамтамасыз ету департаментінің директоры, C-1
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
824323
Жалпы біліктілік талаптары
С-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-2, C-2, C-O-1, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдар департаменті бастығының орынбасарынан немесе Қарулы күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.
Мемлекеттік басқарудың тиісті саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялар жүктелген С-1 санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға міндетті түрде «Б» корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе ұйымдарда, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес**.
Ескертпе: ** – конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған жалпы конкурс қатысушылары жоқ болған жағдайда бұл талап қойылмайды.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Инвестициялық жобаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерін әзірлеу, үш жылдық кезеңге арналған шығыстар лимиті, инвестициялық жобаларды қоса алғанда, тиісті жылға арналған бюджеттің орындалуы, инвестициялық жобаларды қаржыландыру, мемлекеттік қаржылық есептілікті дайындау және тиісті мемлекеттік мекемелерге тапсыру жөніндегі Департаменттің қызметіне басшылық жасау; нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыруды, үйлестіруді жоспарлау және бақылау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ba.abdikarimova@msh.gov.kz
- город Астана, проспект Мәнгілік ел, дом 8, подъезд 3
-
8(7172) 555-918