Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Астана қаласының жер ресурстарын басқару департаментінің Құқықтық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, индекс: ОПОИОР-2

Мемлекеттік орган

Астана қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-О-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Функционалды міндеттер

Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде Департамент мүдделерін белгіленген тәртіппен білдіру; Пайдаланылмайтын немесе жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арыздарды, сондай-ақ Департамент құзыретіне жататын басқа да талаптарды дайындау және сот органдарына енгізу; Заңды күшіне енген сот актілерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету; Департамент қызметкерлерінің арасында құқықтық-жалпытанымдық жұмыстарын ұйымдастыру; Департамент басшысына қол қойылуына ұсынылатын бұйрық және құқықтық сипаттағы өзгеде құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкес дайындау.         Қызметкерлердің жеке істерін жүргізу, құрылымдық және басқа да өзгерістерге байланысты қызметкерлердің еңбек кітапшасын қалыптастыру және жаңарту. Қызметшілерді оқытуды, қайта дайындауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, қызметіне қатысты тиісті есептерді дер кезінде дайындап, тапсырады; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау, сондай-ақ бөлімнің лауазымды тұлғаларымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қаралуын бақылауды жүзеге асыру; Департаменттің жалпы жұмысына қатысты жоғары тұрған басшылықтың өкімдері мен тапсырмаларын орындау; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады.

 

 «В» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 22.01.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.01.2024 – 31.01.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Есіл ауданы, Достык көшесі,13

Анықтама алу үшін байланыс

77022854477