Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Өсімдіктер карантині және цифрландыру басқармасының бас сарапшысы, (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 10.06.2026 ж. дейін) санаты C-4, 1 бірлік, № 18-2-4

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

305232

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.

Функционалды міндеттер

(Блок А-6) Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асыру; бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғаларда селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың жай-күйіне, оны есепке алу мен есептілігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; сүтті, сүтті-етті және етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малдың импорты бойынша ақпарат дайындау; Қазақстан Республикасының асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтарының қоймаларында тұқымдық бұқалар ұрығының болуына мониторинг жүргізу; Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын қолдан ұрықтандыру барысы туралы деректерді жинау және талдау, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны туралы жеке және заңды тұлғалар хабарламаларының тізілімін жүргізу; Басқарма құзыретіне кіретін мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін, оның ішінде бақылау хаттарын, сондай-ақ Комитет басшылығының жазбаша және ауызша; агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі кеңестерге қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 18.01.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.01.2024 – 23.01.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 мб.

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, 3 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

87172-555-885