Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Өсімдіктер карантині және цифрландыру басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4, 1 бірлік, №18-2-2.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Астана қаласы
305232
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
(Блок А-6) Карантиндік объектілердің ошақтарын зерттеп-қарау, оқшаулау және жою жөніндегі іс- шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру және бақылау, пестицидтерді, оларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, химиялық өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуға конкурстар өткізуге материалдар дайындау, сондай-ақ пестицидтерді жеткізу, пестицидтерді сақтау және тасымалдау, химиялық өңдеулерді жүргізу жөніндегі шарттардың уақтылы орындалуына бақылауды жүзеге асыру, өсімдіктер карантині жөніндегі ақпаратты талдау; карантинге жатқызылған өнімнің республика ішілік өткізілуіне бақылау; өсімдіктер карантині саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; кеден, шекара, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен мәселелер бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; санитариялық және фитосанитариялық шараларды (ФШХС) қолдану жөніндегі ДСҰ-ның халықаралық стандарттарын, нормалары мен келісімдерін ескере отырып, өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету; өсімдіктер карантині саласындағы облыстық аумақтық инспекциялардың жұмыстарына жетекшілік ету; өсімдіктер карантині мәселелері жөніндегі кеңестерге қатысу; Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, құзыретіне кіретін бақылау хаттарын, сондай-ақ Комитет басшылығының жазбаша және ауызша тапсырмаларын орындау; Агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша кеңестерге қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
alaidar.b@minagri.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, 3 кіреберіс
-
87172-555-885