Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, C-2 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
611721
Жалпы біліктілік талаптары
С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
- Адам ресурстарын басқару
Функционалды міндеттер
Департаменттің басқармаларының қызметін үйлестіру; мемлекеттік сатып алу рәсімін реттейтін нормативтік құқықтық актілер әзірлеуге және келісуге қатысу; Министрліктің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері іске асыратын бюджеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізуге қатысу (қарыздар мен гранттар қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды қоспағанда); мемлекеттік сатып алуды жүргізу туралы бұйрықтардың жобаларын әзірлеу және бекітуге ұсыну; тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жобаларын қарауға қатысу; белгіленген тәртіппен рәсімделген, мемлекеттік тапсырыс нысанында іске асырылатын, жасасқан шарттар бойынша міндеттемелерге ақы төлеу үшін Қаржылық қамтамасыз ету департаментіне беруді қамтамасыз ету; мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды (орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) жеткізу актілерін тексеруді қамтамасыз ету; мемлекеттік сатып алудың жүргізілгені туралы есеп дайындауды және мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға беруді қамтамасыз ету; мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ведомстволық бағынысты ұйымдардың орындауын бақылау; мемлекеттік сатып алу мониторингі; жергілікті жерлерде мемлекеттік сатып алу жүргізу мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге әдістемелік көмек көрсету, есеп жасау, қажет болғанда аумақтық басқармаларға барып тәжірибелік көмек көрсету; Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, Министрліктің алқа қаулыларының, Министрдің бұйрықтары мен тапсырмаларының уақытылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің қатысуымен іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету; Министрліктің ұйымдастырушылық қызметін регламенттейтін құжаттарды әзірлеуге қатысу; бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстар ұйымдастыру және өткізуге қатысу; мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті атқаруына, мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйі мониторингіне байланысты Министрліктің шешімдерін ресімдеуге бақылауды жүзеге асыру; қызметкерлердің лауазымдарына сәйкестігін айқындау жөніндегі аттестаттау комиссиясын құруға және оның жұмысына, мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілін айқындау жөніндегі комиссия жұмысына қатысу; мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелерін реттеу; қызметтік хат-хабардың уақытылы өтуін және жолдануын, электрондық құжат айналымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету; Министрліктің ведомстволық мұрағатының жұмысына бақылауды эүзеге асыру; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» заңынан туындайтын қаралардың орындалуын қамтамасыз ету; Министрліктің жемқорлыққа қарсы іс-шараларын қалыптастыру жөніндегі жоспарларын әзірлеуге және келісуге қатысу, өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мен жою жөніндегі Министрліктің жүйелі шараларын әзірлеуге қатысу; заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ba.abdikarimova@msh.gov.kz
- Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі
-
8(7172) 555-918