Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаменті өсімдік шаруашылығын дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
298134
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Биотехнология
- Аграрлық техника және технология
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Өсімдік шаруашылығы
Функционалды міндеттер
Өсімдік шаруашылығы саласының дамуына талдау және мониторинг жүргізу, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мәселелері бойынша мемлекеттік аграрлық саясатты әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік салалық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы саласында ғылыммен қамтамасыз етуге және инновациялық технологияларды дамытуға жағдай жасауға қатысу; өсімдік шаруашылығы саласындағы бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы мәселелері бойынша халықаралық құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы Еуразиялық экономикалық одақ аясында техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласында құқықтық мониторинг жүргізу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы нормативтік құқықтық негіздін мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kadry.msh@minagri.gov.kz
- Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі
-
8(7172) 555-918