«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Ақмола облысының Жер ресурстарын басқару департаменті» РММ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бөлімінің бас маманы (№01-08, №01-17, № 01-20), «С-О-5» санаты, 3 бірлік.

Мемлекеттік орган

Ақмола облысының Жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Ақмола облысы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Геодезия және картография
  • Топырақтану және агрохимия
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Жерге орналастыру
  • Кадастр
  • Геодезия

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік бақылау:

   - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығына;

      - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша қабылдаған шешімдерінің заңдылығына;

     - мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудің дұрыстығына;

      - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесін алған тұлғалардың тізімдері бар ақпаратты уақтылы орналастыруына;

      - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің сауда-саттықты (аукциондарды) және конкурстарды уақтылы өткізуіне;

      - мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген режимін сақтауына;

      - жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алуға жол бермеуіне;

      - жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар құқықтарының сақталуына;

      - жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман-мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізуіне;

      - жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың мемлекеттік органдарға жердің бар-жоғы, жай-күйі мен пайдаланылуы туралы мәліметтерді уақтылы ұсынуына;

      - жердің жай-күйіне әсер ететін тұрғын және өндірістік объектілердің жобалануына, орналастырылуына және салынуына;

      - жерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясын, сортаңдануды, батпақтануды, су басуды, шөлейттенуді, құрғап кетуді, тығыздалуды, қоқыстануды, ластануды және жердің тозуын туғызатын басқа да процестерді болғызбау және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;

      - азаматтардың өздеріне жер учаскелерін беру туралы өтініштерін (өтінішхаттарын) қараудың белгіленген мерзімдерінің сақталуына;

      - межелік белгілердің сақталуына;

      - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері уақытша жер пайдалануға берген жерлердің уақтылы қайтарылуына;

      - бүлінген жерлердің рекультивациялануына;

      - жердің бүлінуімен байланысты жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына;

      - жердің пайдаланылуы мен қорғалуы жөніндегі жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына мемлекеттік бақылауды жүргізеді;

- тексеру нәтижелері туралы акт жасау;

- ТСОБТ, ӘҚББТ жүйелеріне енгізе отырып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау (1-АВ нысанының карточкасын толтыру, әкімшілік деректер банкін жүргізу);

- ӘҚББТ жүйесіне енгізе отырып, Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жаза туралы іс бойынша қаулылар шығарады (1-АП нысанының карточкасын толтыру, әкімшілік деректер банкін жүргізу);

- Бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беру;

Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асыру:

     - Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер учаскесіне құқық ауыртпалығын белгілеуге және тоқтатуға нұсқама жіберу;

 - бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында ҚР Жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар мен нұсқаулар беру

  - жер учаскелерінің меншік иелеріне және жер пайдаланушыларға, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, Мемлекеттік корпорацияның жергілікті атқарушы органдарының лауазымды адамдарына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне Қазақстан Республикасы Жер заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы орындау үшін міндетті нұсқамалар беру;

- Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген залалды өтеу, мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан және игерілмеген не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою, жер учаскелерін беруге, нысаналы мақсатын өзгертуге, алып қоюға, мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты құқыққа сыйымсыз шешімдердің күшін жою, сондай-ақ жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы берген нұсқамаларын осы нұсқама берілген тұлғалар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайларда оларды орындау және жеке тұлғалардан, лауазымды адамдар мен заңды тұлғалардан айыппұл өндіріп алу мәселелері бойынша сотқа талап қоюды дайындауға және беруге

- Жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттік органдардың өтініштерін (өтініштерін, шағымдарын, хабарламаларын) қарау.

- Жергілікті атқарушы органдармен, прокуратурамен, соттармен және басқа да мүдделі ведомстволармен жер қатынастары мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау.

- Бөлімге жүктелген міндеттер мен міндеттердің тиісінше орындалуын қамтамасыз ету. Департаменттің мүдделерін сот органдарында ұсыну, сондай-ақ ҚР қолданыстағы заңнамасында белгіленген басқа да міндеттерді орындау.

 - Ақмола облысының аумағында Қазақстан Республикасының жер заңнамасы нормаларының сақталуын бақылау.

         А блогы грейд-5

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 29.12.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.01.2024 – 11.01.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 мгб

Сұхбаттасу күні

16.01.2024

Сұхбаттасу орны

Акмола обласы, Кокшетау қаласы, Абай көшесі 89, 2 қабат, 225 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

8(716-2)25-75-42, 25-13-58