Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Персоналмен жұмыс басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4, 1 бірлік, № 18-6-4.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

237596

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Филология
  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.

Функционалды міндеттер

(Блок В-5) Комитеттің кадр саясаты мен кадр стратегиясын әзірлеуге қатысу; Комитеттің және аумақтық инспекциялардың мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау, тағылымдамадан өту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; Комитеттің және аумақтық бөлімшелердің мемлекеттік қызметшілерін аттестаттаудан өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; "Е-Қызмет" ақпараттық жүйесі арқылы кадрлық іс жүргізуді енгізу; тәртіптік комиссия отырыстарында қарау үшін материалдар дайындау; мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу; Комитеттің және аумақтық инспекциялардың лауазымдарына лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу;; сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссиялардың жұмысын қамтамасыз ету; id-карталарды ресімдеу және беру; әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың функционалдық блоктарға бөлінуін әзірлеу және бекіту; Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық бөлімшелердің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін әзірлеу жөніндегі жұмысты жалпы үйлестіру; Комитет және Аумақтық бөлімшелер қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу жөніндегі жұмысты жалпы үйлестіру; ведомстволық бағынысты ұйымдардың кадр қызметтеріне әдістемелік көмек көрсету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 19.12.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.12.2023 – 28.12.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 мб.

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, 3 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

87172-555-885