Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Атырау облысының жер ресурстарын басқару департаментінің Құқықтық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты
Атырау облысы Жер ресурстарын басқару департаменті
Атырау облысы
259515
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Функционалдық міндеттері: (функционалдық блок – В)
- Департамент басшысы, оның орынбасарының жалпы ұйымдастыруымен бөлімнің ұйымдастыру, талдау және бақылау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;
- Бөліммен жалпы басшылықты жүзеге асырады, бөлім ережесінде көрсетілген функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді, бөлім жұмысын үйлестіреді және бақылайды;
- Бөлім жұмысын жетілдіру бағытында департамент басшысымен басшы орынбасарының қарауына ұсыныстар енгізеді;
- Бөлімнің жұмыс жоспарын әзірлейді, департаменттің жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ жоспарлардың, орталық және жергілікті атқарушы органдармен берілген тапсырма – нұсқаулардың және бөлімнің қызметкерлерінің қарауындағы құжаттардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есебін жүргізіп, қаралу мерзімінің қатаң сақталуын бақылайды;
- Қазақстан Республикасының мақсаты бойынша пайдаланылмайтын не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы, жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін беруге, алып қоюға, мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты заңсыз шешімдердің күшін жою туралы,сондай-ақ, жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары берген Қазақстан Республикасының жер заңнамасының анықталған бұзушылықтарын олар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындалмаған не осы нұсқамалар берілген адамдар тиісінше орындамаған жағдайда жою жөніндегі нұсқамалардың орындалуы туралы,және жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан айыппұлдарды өндіріп алу туралы, сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда «Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде мемлекеттік мекеменің мүдделерін белгіленген тәртіппен ұсыну туралыжер заңнамасын бұзу нәтижесінде келтірілген залалды өтеу туралы мәселелер бойынша сотқа дайындалу және талап қою;
- Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс әкімдігінің қаулыларын орындау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
- Мемлекеттік органдарға құқықтық сипаттағы құжаттарды зерделеу, дайындау және енгізу;
- Пайдаланылмайтын және жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою рәсімі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес дауларды сотқа дейінгі реттеу рәсімін жүргізу;
- «ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Атырау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін құқықтық оқытуды ұйымдастыру;
- Прокурорлық ден қоюдың, тәртіптік кеңестің, басқа да бақылаушы органдардың актілері бойынша шаралардың уақтылы қабылдануын бақылау;
- «ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Атырау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілі ретінде сот және басқа да органдарға қатысу;
- Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша есептілікті уақтылы дайындау;
- Құқықтық сипаттағы өзге де функцияларды орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
zemelnyj12@mail.ru
- 20.12.2023
- Атырау қаласы, Әйтеке би 79 А , 202 кабинет
-
87122-27-01-58