Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Атырау облысының жер ресурстарын басқару департаментінің Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімі бас маманы, С-О-5 санаты, 3 бірлік
Атырау облысы Жер ресурстарын басқару департаменті
Атырау облысы
259515
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Жерге орналастыру
- Құқықтану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Геодезия және картография
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Кадастр
Қосымша талаптар
87122-27-01-58
Функционалды міндеттер
Функционалдық міндеттері: (функционалдық блок – А)
1) жерді пайдалану мен қорғау үшін мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етуде талдаулар жүргізіп, мәліметтерді жинақтайды, статистикалық есепті жүргізеді, тиісті ведомстволық статистикалық есептерді уақытылы тиісті органға жіберіп отырады;
2) ағымдағы жылғы жұмыс жоспарын жетілдіру;
3) құзыретті органдармен бірлескен тексерулерді жүргізу;
4) жүргізілген тексерулердің материалдарын обьективті түрде дайындау;
5) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолдануға;
6) жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау мақсатында жергілікті мемлекеттік органдармен іс-қимылды үйлестіреді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырып, орындалысын қамтамасыз етуге;
8) сауда-саттықтың (конкурстардың, аукциондардың) уақтылы өткізілуіне мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді.
9) жеке және заңды тұлға өкілдеріне, мемлекеттік қызметшілерге құқықтық сұрақтар туындаған жағдайда кеңес беруге;
10) жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер бойынша заң шеңберінде тексеріс жүргізіп, уақытылы жауап беруге;
11) мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерiн нысаналы мақсатына сәйкес, пайдаланудың белгiленген режимiн сақтауы бойынша соттарда, құқық қорғау органдарында, мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдар мен мекемелерде немесе үшінші жақты қатыстыра отырып, департаменттің мүліктік және басқа да мүдделерін құқықтық негізде қорғап, сотта өкіл ретінде қатысуға;
12) Қазақстан Республикасы заңнамасын бұза отырып, пайдаланып жатқан жер учаскелерін алып қою туралы сот органдарында талап-арыз дайындау
13) тексеру қорытындысына сәйкес, заңбұзушылықтар анықталған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасақтау, жер заңнамасы бұзылуын жою туралы нұсқама беру;
14) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне бақылау жасайды;
15) бүлiнген жердiң қалпына келтірілуі, жердi жақсарту жөнiндегi топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердiң тозуын туғызатын басқа да процестердiң салдарын болғызбау мен жою жөнiндегi iс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына, жердiң бүлiнуiне байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуы, сақталуы және пайдаланылуы, межелiк белгiлердiң сақталуын бақылайды;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзiне берiлген құқықтар шегiнде өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
17) «Web-АП» электронды тағдарламасына жасақталған хаттамалар мен қаулыларды енгізу жұмыстарын жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 27.12.2023
- г.Атырау, Айтеке би 79 А , 202 кабинет
-
87122-27-01-58