Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Мемлекеттік жер кадастры басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

273155

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Жерге орналастыру
  • Құқықтану
  • Топырақтану және агрохимия
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Кадастр
  • Бағалау

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру. Жер кадастры бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу. Жерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді, топырақты бағалауды, топырақты зерттеуді, геоботаникалық, агрохимиялық, агромелиоративтік және басқа да іздестіру жүргізуді қамтитын жерлердің сапасын есепке алуды ұйымдастыру. Жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау мәселелерін реттеу. Жер заңнамасын қолдану тәжірибесін жинақтау. Жыл сайынғы Қазақстан Республикасының жер балансын жасауға және қабылдауға, Қазақстан Республикасындағы жерлердің сандық және сапалы жай-күйі туралы жинақ талдау есебін жасауға қатысу. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік жер кадастры жұмысының көлемін анықтауға қатысу. Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды өткізуді ұйымдастыру, бюджеттік өтінімдерді ресімдеу, жұмыстарды орындауға шарттар жасау, атқарылған жұмыстарды қабылдап алу. Жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру. Жер кадастрын жүргізу мәселесі бойынша консультативті көмек көрсету. Жер туралы деректерді жинау мен жүйелендіру, зерттеу мен сақтауды жүзеге асыру. Жер-2 нысаны бойынша есептер жасау мен талдау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Комитет пен Министрлік басшылығы жүктеген өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.12.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.12.2023 – 14.12.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 мб

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы -10, 14 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-08-83