Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Ұлытау облысының жер ресурстарын басқару департаментінің Жер мониторингі, талдау және есеп бөлімінің бас маманы (бала күтіміне арналған демалыс кезеңіне 21.06.2026 жылға дейін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметкердің мерзімі аяқталғанға дейін жұмысқа шығуға құқығы бар), С-О-5 санаты, 1 бірлік, №03-02

Мемлекеттік орган

Ұлытау облысының жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Жерге орналастыру
  • Құқықтану
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Кадастр

Функционалды міндеттер

Жер есебінің мониторингін жүргізу, пайдаланбаған жер учаскелерін анықтау жұмыстарының нақтылығына талдау жасау, ауыл шаруашылығы және басқа да санаттағы жерлерді пайдалану және қорғауды мемлекеттік бақылауды  жүргізу. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өздерiнде жердiң бар-жоғы, олардың жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға уақтылы беруiне, азаматтардың өздерiне жер учаскелерiн беру туралы өтініштерін (өтiнiшхаттарын) қараудың белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуына, жергiлiктi атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жердiң уақтылы қайтарылуына, жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына, жер учаскесін алған адамдардың тізімі бар ақпараттың уақтылы орналастырылуына бақылау жүргізеді. Салынған айыппұлдар бойынша белгіленген нысандағы  есептер мен мәліметті дайындайды, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша материалдарды қарайды, төлемеген айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіру мақсатында қажетті құжаттарды сот органдарына жолдайды, ҚР жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолданады. 259-бюджеттік бағдарламасының «Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қалыптастыру» кіші бағдарламасының топырақ зерттеу бөлігінің қаржылай шығынына және өндірістік жұмысының орындалуына талдау жүргізеді.

 

Функционалдық блок - А

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 11.12.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.12.2023 – 21.12.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер бульвары 15, 1 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

Дуйсекова Куралай Панашевна 8 705 588 9799