Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Ұлытау облысының жер ресурстарын басқару департаментінің Жер мониторингі, талдау және есеп бөлімінің басшысы, С-O-4 санаты,№ 03-01 (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне 07.10.2024 жылға дейін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметкердің мерзімі аяқталғанға дейін жұмысқа шығуға құқығы бар)

Мемлекеттік орган

Ұлытау облысының жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

С-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Құқықтану
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Жерге орналастыру
  • Кадастр

Функционалды міндеттер

Бөлім жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау. Жер есебіне тұрақты мониторингін жүргізуді, пайдаланбаған жер учаскелерін анықтау жұмыстарының нақтылығына талдау жасауды, ауыл шаруашылығы және басқа да санаттағы жерлерді пайдалану және қорғауды мемлекеттік бақылауды  ұйымдастыруын жүзеге асыру. Салынған айыппұлдар бойынша белгіленген нысандағы  есептер мен мәліметті дайындауды ұйымдастыру, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша материалдарды қарау, төлемеген айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіру мақсатында қажетті құжаттарды сот органдарына жолдауын бақылау, ҚР жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолдануды ұйымдастыру. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өздерiнде жердiң бар-жоғы, олардың жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға уақтылы беруiне, азаматтардың өздерiне жер учаскелерiн беру туралы өтініштерін (өтiнiшхаттарын) қараудың белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуына, жергiлiктi атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жердiң уақтылы қайтарылуына, жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына, жер учаскесін алған адамдардың тізімі бар ақпараттың уақтылы орналастырылуына бақылау жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді. 259-бюджеттік бағдарламасының «Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қалыптастыру» кіші бағдарламасының топырақ зерттеу бөлігінің қаржылай шығынына және өндірістік жұмысының орындалуына талдау жүргізілуін ұйымдастырады.

 

Функционалдық блок - А

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.12.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.12.2023 – 14.12.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 мб

Сұхбаттасу орны

Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер бульвары 15, 1 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

Дуйсекова Куралай Панашевна 8 705 588 9799