Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Ұлытау облысының жер ресурстарын басқару департаментінің Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты, №02-01

Мемлекеттік орган

Ұлытау облысының жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

С-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Жерге орналастыру
  • Құқықтану
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Кадастр

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және бақылау. Мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу; жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген режимінің сақталуын, аудандардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығын, жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алуға жол бермеуді оның ішінде жер қойнауын пайдаланушыларға тау кеңдік аймағынан шығып кеткендерді қоса алғанда, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар құқықтарының сақталуын, азаматтардың өздеріне жер учаскелерін беру туралы өтініштерін (өтінішхаттарын) қараудың белгіленген мерзімдерінің сақталуын; жердің бүлінуіне байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алумен бүлінген жерлерді қалпына келтіруге, сақтауға және пайдалануға оның ішінде жер пайдаланушыларын қоса; Департамент құзыреті шегінде сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) уақтылы өткізуге бақылауды жүзеге асырады. Жерді жақсарту, топырақ эрозиясының, тұзданудың, батпақтанудың, су басудың, шөлейттенудің, құрғақтанудың, тығыздалудың, қоқыстанудың, ластанудың және жердің тозуын туғызатын басқа да процестердің салдарын болғызбау және жою жөніндегі іс-шараларды уақтылы және сапалы орындау. Салынған айыппұлдар бойынша белгіленген нысандағы есептер мен мәліметтерді дайындау, жүргізілетін тексерулердің материалдарын дайындау, төленбеген айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алу мақсатында сот органдарына қажетті құжаттардың жіберілуін бақылау.

Функционалдық блок - А

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.12.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.12.2023 – 14.12.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 мб

Сұхбаттасу орны

Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер бульвары 15, 1 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

Дуйсекова Куралай Панашевна 8 705 588 9799