Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаментінің Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты

Мемлекеттік орган

Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Маңғыстау облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Геодезия және картография
  • Топырақтану және агрохимия
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Жерге орналастыру
  • Кадастр
  • Геодезия

Функционалды міндеттер

1. Департамент атынан тиісті әкімшілік аумақтық басқару аймағында тексерулер өткізу;
2. Маңғыстау облысы аумағында жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүргізу;
3. Мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудің дұрыстығына
мемлекеттік бақылауды жүргізу;
4.Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның лауазымды адамдарына жердi қорғау, Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуын жою мәселелері бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар беру;
5. Өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерi бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар дайындау, табыстау;
6. Мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан және игерілмеген не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою мәселелері бойынша сотқа талап қоюды дайындауға және беруге;
7. Азаматтардың өздеріне жер учаскелерін беру туралы өтініштерін (өтінішхаттарын) қараудың белгіленген мерзімдерінің сақталуына;
8. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытылы, сапалы жауап беру;
9. Департамент қызметі бойынша құқықтық құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді дайындауды, рәсімдеуді, тиісті тіркеуді қамтамасыз ету;
10. Департаменттің ішкі бақылау жұмыстарын жүргізу;
11. Департаменттің құқықтық жұмыстарын жүргізу:
1) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар шығару;
2) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулылар дайындау;
3) Әкімшілік істерді тіркеу және нөмірлеу, құқықтық статистика органдарының мәліметтер қорына енгізу;
4) Департаменттегі мемлекеттік инспекторлармен жасақталған әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалардың дұрыстығы мен заңдылығын қарау.
5) Тексеру туралы актілер жасақтау және оларды құқықтық статистика органдарына тіркеу;
12. Тексерулер мен бақылау нәтижелерін жинақтау және талдау;
13. Жүктелген міндеттерді іске асыруда және өз функцияларын жүзеге асыруда белгіленген тәртіпте:
1) Өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажетті ақпараттарды, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
2) Өз қызметінің барлық мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
3) Қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау бөлігіндегі мемлекет мүдделерін қорғау үшін сот органдарына шағымдану, сонымен қатар лауазымдық нұсқаулықта белгіленген өзге де міндеттерді орындау.
14. Геодезиялық құралдар арқырылы жер участкелерің өлшеу жұмыстарын жүргізу және жер участкелерінің кеңістіктік орналасуын, объектілердің үйлесімі мен өзара байланысын модельдеу.
15. Бөлімнің жұмысын реттеу, тапсырмаларды әділ бөлу және орындалуын қадағалау.
16. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне, жердi жақсарту жөнiндегi, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердiң тозуын туғызатын басқа да процестердiң салдарын болғызбау мен жою жөнiндегi iс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына, жердiң бүлiнуiне байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылау жүргізу.

Блок А

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.12.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.12.2023 – 12.12.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30мб

Сұхбаттасу орны

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 23 ш/а, 41 ғимарат, 1 қабат, 111 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

8(7292) 31-91-18

8-775-314-99-11

zem-depmo@mail.ru

Темен Әсетхан Ахметұлы (жауапты маман)

Байқауға қатысуға өтініміңізді бергеннен кейін растау үшін жоғарыда көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз