Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Ақмола облысының жер ресурстарын басқару департаментінің Құқықтық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік (№03-02,) (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты әлеуметтік демалысы кезеңіне 2026 жылғы 27 шілдеге дейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар)
Ақмола облысының Жер ресурстарын басқару департаменті
Ақмола облысы
225881
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Маркетинг
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Департаменттің қаржылық-құқықтық қызметін орындау, қызметкерлерге жалақы есептеу. Қазынашылық басқармасында ақша операцияларын жүзеге асыру. Қаржыландыру жоспарының жобасын қалыптастыру. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, оның ішінде қазынашылық органдарында тіркей отырып, сатып алу шарттары мен хаттамаларын ресімдеу. Жеткізушілермен және мердігерлермен жұмысты жүзеге асыру. Тауарлық-материалдық құндылықтардың есебін жүргізу. Департаменттің мүліктік және өзге де заңды құқықтары мен мүдделерін құқықтық құралдармен қорғауды қамтамасыз етеді. Департаменттің мүлкі үшін материалдық жауапкершілік, сондай-ақ ҚР қолданыстағы заңнамасында белгіленген басқа да міндеттерді орындау. Құжаттаманы және іс жүргізуді ұйымдастыру. Іс жүргізу бойынша ағымдағы құжаттаманы тіркеу, есепке алу және сақтау. Құжат айналымын (ОДО) жүргізуді және бақылауды жүзеге асыру. Департаменттің істер номенклатурасын дайындау және облыстық мұрағатпен өзара іс-қимыл жасау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарау, сондай-ақ Тілдер туралы нормаларды сақтау және ай сайынғы есепті тапсыру. Департаменттің кадр жұмысын жүргізу (Е-қызмет жүйесінде).
Ай сайынғы, тоқсандық, жартыжылдық және жылдық есептерді орындау және тапсыру. Құқықтық сипаттағы құжаттар мен шаруашылық, еңбек шарттарының жобалары, сондай-ақ Департамент шығаратын бұйрықтар бойынша заң сараптамасын жүргізу. Департаменттің негізгі қызметі бойынша кеңестердің хаттамаларын жүргізу, сондай-ақ ҚР қолданыстағы заңнамасында белгіленген басқа да міндеттерді орындау.
Б Блогы, грейд-5
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
duzr_aqmol@mail.ru
- 22.12.2023
- Кокшетау қаласы, Абай көшесі 89, кабинет 225
-
8(716-2)25-75-42, 25-13-58