Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаментінің Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы, санаты C-O-5, 4 бірлік, ОГКЗИИОЗ-8, ОГКЗИИОЗ-9, ОГКЗИИОЗ-10, ОГКЗИИОЗ-11

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының Жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 200000

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Жерге орналастыру
  • Геодезия және картография
  • Топырақтану және агрохимия
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Жерге орналастыру
  • Кадастр

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасы Жер заңнамасын сақтауға және орындауға бақылауды жүзеге асыруға; Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды бақылауды жүзеге асыруға облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтердің, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығына; Облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті органдарының жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша қабылдаған шешімдерінің заңдылығына; Облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесін алған тұлғалардың тізімдері  бар  ақпаратты  уақтылы орналастыруына мемлекеттік бақылау жүргізу; Жер саладағы мемлекеттік саясаттың қалыптасуына және оның іске асырылуына қатысу;  Қазақстан  Республикасы жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде ұйғарым және нұсқама беру; Қазақстан Республикасы жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау; Ведомстволық құзыретті органдармен әкімшілік жауапкерлік бойынша істерді қарауға жататын ортақ тексерулерді жүргізу; Жер заңдылығын бақылау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың, және ұйымдардың өтініштерін қарайды; Сотқа талап-арыз дайындауға  және  беруге;  Сот  процесіне қатысуға.

 

Блок А

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 06.12.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.12.2023 – 15.12.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

ЗКО, г.Уральск, ул.Сарайшык 47

Анықтама алу үшін байланыс

8-7112-30-70-21