Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Солтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаментінің Құқықтық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысы Жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

С-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы және кредит

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Бөлім жұмыстарына жалпы басшылық жүргізу. Департаменттің іс қағаздарын өндірісін жүргізуді және мемлекеттік және орыс тілдеріне аударуды, жүзеге асыруды  жүзеге асыруды уйымдастыруды бақылау. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кадрлық есепке алуды және кадрлық іс жүргізуді ұйымдастыруды бақылау;Департаменттің шарттық міндеттемелері мәселелері бойынша сот органдарында Департаменттің мүдделерін білдіру.Департамент қызметін ақпараттық сүйемелдеу және цифрландыру бойынша жұмысты ұйымдастыру.Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша есептер жасайды.Департаменттің қызметтік автокөлігін пайдалану үшін жол парақтарын дайындау және уақтылы ұсыну.Департамент балансындағы жылжымайтын мүліктің техникалық жай-күйіне бақылауды жүзеге асыру. Департаменттің лауазымды адамдарының материалдық жауапкершілігі туралы шарттардың жобаларын дайындау. Жаңадан сатып алынған тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау. Берілген тауарлық-материалдық құндылықтардың тізілімін жүргізу.Департаменттің негізгі құралдары мен тауарлық-материалдық құндылықтарын жыл сайын түгендеуді ұйымдастыру және жүргізу.Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізу үшін өтінімдерді дайындау және жоғары тұрған органға жіберу.Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша пайда болған берешектер бойынша салыстырып тексеру актілерін дайындау және жоғары тұрған органға жіберу. Департамент қызметкерлерінің штаты бойынша ақпарат беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.Департамент қызметкерлерін іссапарға жіберу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Өз құзыреті шегінде аталған мекеме басшысының өзге де тапсырмаларын  орындайды.

"Б" блогы 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.12.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.12.2023 – 12.12.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20Мб

Сұхбаттасу күні

14.12.2023

Сұхбаттасу орны

Петропавл қ., Интернациональная көшесі 70, каб 51

Анықтама алу үшін байланыс

анықтама үшін телефон нөмірі: 8(715-2)36-55-74