Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және АӨК-ні цифрландыру департаменті мемлекеттік қызметтерді дамыту басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
225881
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Ақпараттық қауіпсіздік
- Құқықтану
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
Функционалды міндеттер
Министрлік жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша талдау жүргізу және ұсыныстар енгізу; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына, олардың «e-gov.kz» порталында қолжетімділігін, және де Министрліктің сайтында оларды алу бойынша ақпаратқа мониторинг жүргізу; агроөнеркәсіптік кешені саласында мемлекеттік қызметтерді ұсынудың сапасы мен уақытылығын жақсартуды қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлеу; мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін қарау; мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмыстарын үйлестіру; агроөнеркәсіптік кешенінің нормативтік құқықтық актілері, бағдарламалы құжаттары жобаларын, агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды, Басқарманың нормативтік және әдістемелік құжаттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; Басқармада істер номенклатурасын жасау, істерді ведомстволық мұрағатқа тапсыру; Депутаттар сауалдарын, ҚР Президенті Әкімшілігінің, Үкіметінің, Департамент пен Министрлік басшылығының тапсырмаларын, мемлекеттік органдардың хаттарын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырып, жауаптар дайындау; Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де тапсырмаларды орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі
-
8(7172) 555-918