Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы департаментінің директоры, C-1 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
824 323
Жалпы біліктілік талаптары
С-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-2, C-2, C-O-1, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдар департаменті бастығының орынбасарынан немесе Қарулы күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда;
4) баспасөз хатшысы лауазымына осы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда сегіз жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуына рұқсат етіледі.
Мемлекеттік басқарудың тиісті саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялар жүктелген С-1 санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға міндетті түрде «Б» корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе ұйымдарда, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес*.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Мал шаруашылығы
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Ветеринарлық медицина
- Ветеринарлық санитария
Функционалды міндеттер
Департаменттің қызметін бақылау және ұйымдастыру. Аппарат басшысына Департамент қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату жөнінде ұсыныстар енгізу; көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану жөнінде шаралар қабылдау; аппарат басшысына қызметкерлердің белгіленген саны және еңбекке ақы төлеу қоры шегінде Департаменттің құрылымы мен штат кестесі жөнінде ұсыныстар беру. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің, жемшөп өндірісінің өнімділігі мен сапасын арттыруды қолдауға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдардың сапалы және уақтылы орындалуын ұйымдастыру. Мал шаруашылығындағы асыл тұқымдық істі жетілдіру, лизингтің пайыздық ставкасын, мал кредитін субсидиялау, сондай-ақ мал шаруашылығындағы сақтандыруды субсидиялау жөнінде ұсыныстар әзірлеу; ауыл шаруашылығы өнімінің саласы мен нарықтарын дамыту жөніндегі бағдарламаларға ұсыныстар енгізу. Асыл тұқымды мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді және келісуді жүзеге асыру. Асыл тұқымды мал шаруашылығы, жемшөп өндірісі саласында мемлекеттік агроөнеркәсіптік саясатты әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ жемшөп өндірісін мемлекеттік қолдау бойынша ұсыныстар енгізу. Озық технологиялар мен инвестициялық жобаларды енгізу; асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің, жемшөп өндірісінің өнімділігі мен сапасын арттыруды қолдауға бағытталған кіші бағдарламалар шеңберінде көрсетілген қызметтерді қабылдау және бағалау жөніндегі комиссияның жұмысын үйлестіру; асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру, жемшөп өндірісі мәселелері бойынша Мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобалардың, ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарының және басқа да салалық бағдарламалардың орындалуына мониторингті жүзеге асыру; жаңа технологиялар трансферті және өндіріске енгізу; мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау. Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп жауапты органы Министрлік айқындаған шет елдермен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялардың отырыстарына қажетті құжаттар мен материалдарды дайындауға Департаменттің қатысуын қамтамасыз ету; Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының, Еуразиялық экономикалық комиссияның консультативтік комитеттері мен жұмыс топтарының, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі Үкіметаралық кеңесінің отырыстарына материалдар дайындауда. Департамент құзыретіне кіретін Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kadry.msh@minagri.gov.kz
- Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі
-
8(7172) 555-918