Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржылық қамтамасыз ету департаменті бюджеттің орындалуын мониторингтеу, қаржылық және бюджеттік есептілікті шоғырландыру басқармасының басшысы, C-3

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Категория С-3

Орташа лауазымдық айлықақы

467221

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;

4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Қаржыландыру және бюджеттік бағдарламаларды орындау мәселелері бойынша жұмыстарды республикалық бюджетті орындау бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне есептің дайындалуын, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аппараттық және басқа да кеңестеріне материалдар дайындалуын бақылау және ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, бақылау органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың сұрауы бойынша Министрліктің республикалық бюджетті атқаруы жөніндегі материалдарды дайындау; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тиісті қаржы жылына арналған бюджетті орындауы мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысына материалдар дайындауды үйлестіру және қамтамасыз ету; тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті іске асыру шеңберінде дайындалатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу; бюджеттік және қаржылық есептердің жасалуын үйлестіру, республикалық бюджетті атқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жылдық есебіне түсіндірме жазбаға ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне дайындау және ұсыну жөніндегі жұмыстарды бақылау және үйлестіру; Министрліктің жылдық және жарты жылдық шоғырландырылған бюджеттік есептілігін тиісті жылға арналған республикалық бюджетті атқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің есебін Қазақстан Республикасы Парламентінде қорғау бойынша материалдарды дайындау; тексеруші органдарға материалдарды ұсыну; басқарма қызметкерлерінің лауазымдық міндеттемелерін, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі басшылығының тапсырмаларын орындалуын және еңбек тәртібін бақылау; өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.11.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.11.2023 – 27.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20МГ

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 555-918